ТХКБ бойынша қазақстандық жүк экспорты 2,7 есе өсті

Жаңалықтар
15.05.2023, 15:48
Фото Александра ЖАБЧУКА

Транскаспий халықаралық көлік  бағдары (ТХКБ) бойынша теміржол көлігімен жүк тасымалдау оң қарқын көрсетуде, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Тұрақты өсімге ҚТЖ-ның дәлізді дамыту үшін қабылдаған шаралар кешені ықпал етуде. 2023 жылдың қаңтар-наурыз айларында ТХКБ  бағытындағы тасымалдау өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 63,7%-ке ұлғайып, 433,2 мың тоннаны құрады. Оның ішінде жиырма футтық баламада (ЖФБ) 4 мыңнан астам контейнер тасымалданды.

2,7 еселік ең үлкен өсім Қазақстаннан экспортқа келді, импорттық тасымалдар 22%-ке артты.

 «ҚТЖ» ҰК» АҚ және тұтастай алғанда ел үшін ТХКБ әлеуетін ашу бүгінгі таңда басты көлік векторларының бірі болып табылады. Өткен жылы үлкен жұмыс атқарылып, өзгермелі геосаяси жағдай аясында бағдарға жүктеме айтарлықтай өсті.

Мультимодальды бағдар бірқатар елдерді байланыстыратынын және теңіз порттары арқылы  жүктерді бірнеше рет ауыстырып тиеуді қажет ететінін түсіну маңызды. Бағдарға қатысушылармен бірлесіп күн сайын инфрақұрылымды жақсарту, кедергілерді жою, дәліздің өткізу қабілетін арттыру және жүктердің қозғалу уақытын қысқарту жөнінде шаралар қабылдануда.

«Бүгінгі таңда Қытайдан контейнерлерде томат пастасы, химикаттар мен жабдықтарды Оңтүстік Еуропа мен Түркияға транзитпен тасымалдау жүзеге асырылуда, Қазақстаннан түсті металдар, ферроқорытпалар, жасымық, астық жүктері және т.б. контейнерлерге тиеу жүріп жатыр», - дейді «KTZ Express» АҚ басшысы Қайрат Өтепов.

Дәлізді дамытуға «Достық-Мойынты» учаскесінде екінші т/ж жолдарын, Ақтау портындағы контейнерлік хабты, Алматы станциясының айналма т/ж желісін салуды қоса алғанда, бағдарда ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру да ықпал етеді.

 

Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді