«Қазтеміртранс» АҚ-ның 17 мыңнан астам вагоны 2022–2023 жылдардағы жылыту маусымында ЖЭО мен халыққа көмір тасымалдауға жұмылдырылды. Көмір тасымалы көлемі шарықтау шегіне жеткен айларда бұл көрсеткіш 82%-ға дейін жетті, деп хабарлайды Rail-news.kz.
ҚТТ мен «ҚТЖ- Жүк тасымалы» ЖШС әкімдіктермен, энергия министрлігі, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесе 2023–2024 жылдардағы жылыту маусымы үшін қатты отынның біркелкі тасымалын жоспарлауды бастады.
Жылыту маусымына алдын ала дайындық жүргізу көмір тасымалының шарықтау кезеңінде жүктердің жиналып қалмауына және тасымалды дұрыс жоспарлап, локомотивтер мен ашық вагондарды ретімен бөлуге септік етеді.