Теміржолда балаларға арналған Ашық есік күні өтті

Жаңалықтар
31.05.2023, 11:00
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК

"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС -нің барлық бөлімшелерінде Ашық есік күні ұйымдастырылды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Іс-шара Балаларды қорғау күнін мерекелеуге орайластырылған. Өзге  уақытта қол жетімділігі қатаң шектелген өндірістік нысандарға барған қызметкерлердің балалары экскурсия барысында ата-аналарының жұмыс орнында болып, негізгі теміржол мамандықтарымен танысты.  

Елордада локомотив және вагон депосы мен Астана станциясы қызметкерлерінің балалары ҚТЖ бас әкімшілік ғимаратында орналасқан  Пойыздар қозғалысын басқарудың өңірлік орталығында (Солтүстік ӨПБО ) болды. Мұнда елдің солтүстік аймағында пойыздардың қозғалысын басқаруға қажетті ақпараттың үлкен ағыны өңделеді. Экскурсия селекторлық студияда басталды, онда әдетте жедел жиналыстар мен диспетчерлік ауысымның ақпаратын қабылдау және беру өтеді.

Солтүстік ӨПБО-да балалар түрлі учаскелердегі диспетчерлердің жұмысын көріп,  пойыз машинисінің диспетчермен байланысы қалай жүзеге асырылатынын естіді. Олар пойыздардың бағыттары алақандағыдай көрініп тұрған диспетчердің монитор экранына таңданыспен қарады.  

Экскурсияның келесі кезеңі - Қазақ темір жолының ғасырлық тарихынан сыр шертетін  сирек кездесетін заттар жинақталған теміржолшылардың орталық мұражайында болды.  Балалар мұражай экспонаттарына шынайы қызығушылық танытып, олардың фонында суретке түсті.

Экскурсияның соңғы нүктесі ҚТЖ ғимаратының 37 қабатында орналасқан қысқы баққа бару болды.

12 жасар Ернар Әйтенов – 6 сынып оқушысы - алғаш рет ҚТЖ ғимаратында болды. Оның басты арманы әке сияқты машинист болу.

"Әкемнің жұмысы өте маңызды және жауапты, ол күрделі техниканы басқарады. Бұл ең жақсы жұмыс. Экскурсия ұнады. Әсіресе диспетчерлік орталық пен мұражайда", - дейді ол.

Экскурсия барысында балаларға теміржолдағы тәртіп ережелері, сондай-ақ шалағайлық пен асығыстық соңы ауыр зардаптарға соқтыруы мүмкін  екені еске салынды.

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды