Alstom компаниясы Қазақстандағы сервисті жақсарту үшін тағы 100 млн еуро салмақ

Жаңалықтар
08.06.2023, 11:29

Қазақстан Үкіметі Alstom компаниясымен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты жалғастыруға дайын. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Alstom компаниясының Африка, Таяу Шығыс және Орталық Азия өңірлері бойынша президенті Эндрю ДеЛеонемен кездесу кезінде айтты.

Тараптар кездесу барысында француз машина жасау компаниясының Қазақстандағы қызметін кеңейту мәселелерін талқылады.

Әлихан Смайылов электровоздар мен оған құрамдас бөлшектер өндіретін Alstom компаниясы Қазақстандағы теміржол өнеркәсібін жаңғырту бағдарламасының негізгі қатысушыларының бірі екенін атап өтті.

«Компания құзыреттілік орталық ретінде де қызметін дамытуда, нәтижесінде біздің елімізде біліктілігі жоғары инженерлердің жаңа буыны қалыптасып келеді. Қазақстан Үкіметі Alstom компаниясымен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты жалғастыруға дайын», – деді Ә. Смайылов.

Үкімет басшысының айтуынша, республикада инвесторлар үшін салықтық және кедендік жеңілдіктер көзделген, инфрақұрылым жүргізіліп, тағы басқа да қолайлы жағдайлар жасалуда. Соның арқасында қазіргі таңда теміржол машиналарын жасау және шетелдік компанияның қатысуымен электробус өндіру саласында бірқатар жоба табысты іске асырылуда.

«Үкімет тарапынан қолдаудың негізгі факторы – өндірісті локализациялау деңгейінің жоғары болуы. Біз Alstom компаниясының электровоздардың құрамдас бөлшектерін өндіру және қызмет көрсету орталықтарын құру арқылы жұмыс аясын кеңейту ниетін қолдаймыз. Бұл ретте қазақстандық кәсіпорындарды тарта отырып, толық циклмен және жоғары локализациялау деңгейімен толыққанды өндіріс құру мәселесін қарастыруды ұсынамыз. Өз тарапымыздан біз жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша жәрдем көрсетуге дайынбыз», — деді Әлихан Смайылов.

Өз кезегінде Эндрю ДеЛеоне компанияның Қазақстанда өндірісті одан әрі дамытуға және жаңа жобаларды іске асыруға мүдделі екенін растады.

«Біз Қазақстанда 10 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеп келеміз. Осы кезең ішінде біз жүздеген млн еуро инвестиция құйып, жүздеген адамды жұмыспен қамтамасыз еттік. Бұл біздің стратегиялық серіктестігіміздің жоғары деңгейде екенін көрсетеді. ҚР Президентінің өткен жылы Францияға сапары біздің екіжақты байланыстарымыздың одан әрі дамуына айтарлықтай серпін берді. Инвестиция салуды жалғастырғысы келетін француз компаниялары үшін Қазақстанда жақсы ынталандыру шаралары бар», — деді Эндрю ДеЛеоне.

Ол Alstom компаниясы бүкіл республика бойынша өзінің қызмет көрсету орталықтарын құру үшін тағы 50-100 млн еуро инвестиция құюды қарастырып жатқанын айтты.

«Сонымен қатар біз жаңа локомотивтердің дамуын қолдап, тасымалдау қауіпсіздігін арттыру үшін ел бойынша инфрақұрылым әлеуетін арттырғымыз келеді», — деді Эндрю ДеЛеоне.

Оған қоса кездесу барысында тараптар ҚР транзиттік көлік саласын дамыту перспективаларын, атап айтқанда, Транскаспий халықаралық көлік бағытының мүмкіндіктерін кеңейтуді талқылады.

 

Аймақтар
04.08.2026
Боранды бекеттің бас қақпасы
Аймақтар
04.08.2026
Ғасырлық тарихы бар вокзалдар жаңарды
Қауіпсіздік
04.08.2026
Қауіпсіздік сызығынан аттама...
Қауіпсіздік
04.08.2026
Жүргізушілерге жадынама таратты
ҚТЖ келбеті
04.08.2026
Үздік атанған үштік
Жаңалықтар
04.08.2026
Ерен еңбектері еленді
Жаңалықтар
04.08.2026
Астана станциясының теміржол өткелінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Жаңалықтар
04.08.2026
«Жүк тасымалының» жетістігі
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі мереке, лайықты марапат
Аймақтар
04.08.2026
Құрмет төрінде – теміржолшылар
Аймақтар
04.08.2026
Ақтөбеде үздік теміржолшылар марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
«Ахау Семей» шырқалған күн...
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі марапат
Аймақтар
04.08.2026
Маңғыстауда үздік теміржолшылар төсбелгілермен марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
Сарышағанда «Теміржол саябағы» ашылды
Жаңалықтар
04.08.2026
Теміржолшылардың мерекелік демалысы
Спорт
04.08.2026
Арыстықтар – ауыспалы кубок иегері
Инфрақұрылым
04.08.2026
Бақты-Аягөз теміржол желісінің құрылысында жер төсемін тәуліктік төгу рекорды орнатылды
Жаңалықтар
04.08.2026
Нұрлы жол вокзалында ғимаратты салқындату бойынша қосымша шаралар қабылданады
Жаңалықтар / Мұрағат
04.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №60-61 04 тамыз 2026 жыл