Орта дәліз: Еуразиялық байланысты нығайту

Жаңалықтар
12.06.2023, 14:46
Суретті түсірген Александр Жабчук
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Елордада өткен апта соңында екі күн қатарынан дәстүрлі Астана халықаралық экономикалық форумы өтті. Әлемдік деңгейдегі өзекті мәселелердің практикалық және тиімді шешімдерін табуда ортақ мақсатқа біріктіретін маңызды іс шараның екінші күні «Орта дәліз: Еуразиялық байланысты нығайту» атты панельдік сессия болып, әлемдік сарапшылар Транскаспий халықаралық көлік бағдары жұмысының тиімділігін арттыру жайын талқылады.  

Форумның бірінші күнінде пленарлық сессияға қатысқан ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық экономиканың қазіргі жай-күйі мен өңірлік ынтымақтастық мәселелері жөнінде пікір алмасу үшін аталған форумның маңызы зор екенін атап өтті. Мемлекет басшысы бұрын-соңды болмаған геосаяси шиеленіс пен қазіргі заман өркениетінің сын-қатерлеріне назар аударып, Астана халықаралық форумы миссиясының бес негізгі міндетіне тоқталды.  

Екінші күні өткен «Орта дәліз: еуразиялық байланысты нығайту» атты панельдік сессияға «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев  қатысты. Онда жетекші әлемдік сарапшылар Транскаспий халықаралық көлік бағдары жұмысының тиімділігін арттыру жайын талқылап, Қазақстанның транзиттік хаб ретіндегі рөлін атап өтті. ҚТЖ басшысы 2023 жылдың өткен 5 айында Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 42% артқанын жеткізді. 

   

– Бұл бағдардағы магистраль мен инфрақұрылым біз үшін аса қымбат. Осы тұрғыда ұзақмерзімді жоспарларымыз бар, ең басты бағыттардың бәріне мемлекеттен қаржы бөлінеді. Соңғы жобалардың бірі – Достық-Мойынты екінші жолдарының құрылысы. Біз жылына 600 км жуық жаңа жолдар салуды жоспарлап отырмыз. Осы арқылы Қазақстан аумағындағы «тар» жолдар мәселесі шешіледі деп санаймын. Осы дәліз бойындағы тасымалға мүдделі компаниялармен жақсы қарым-қатынас орнатылған. Сонымен қатар көршілес елдердің теміржол әкімшіліктерімен де және осы дәлізді құру бойынша барлық халықаралық ұйымдармен де тығыз байланыстамыз. Жалпы біз қашан да барлық тиімді ынтымақтастыққа ашықпыз, – деді ҚТЖ басқарма басшысы.  

ЕДҚҚБ-ның Орта Азия бойынша басқарушы директоры Жужанна Харгитайдың айтуынша, Орта дәліз түрлі елдердегі ірі өндірістік орталықтарды байланыстырады және бағдар әлеуетін толық пайдаға асырып, «тар» орындарды жою үшін қатысушы елдердің ғана емес, сонымен қатар осы бағдардағы басқа да негізгі елдердің өзара іс-қимылы қажет.  

– Сарапшылар сессия тақырыбын толықтай ашып өз ойларын білдірді. Өте қызықты ұсыныстар да айтылды. Менің ойымша, бұл бағытта біздің болашағымыз зор. Негізгі күш тек көліктік қана емес, сонымен бірге экономикалық дәліз құруға да жұмсалады. Оның үстіне бұл дәліз үнем мен қоршаған ортаны қорғау тұрғысынан «жасыл» болуы керек. Бірнеше күн бұрын Құрық порты «жасыл» порт мәртебесіне ие болды. Бұған дейін бұл мәртебе Баку, Ақтау портында бар еді. Енді біздің жобаға қатысатын порттардың 75 пайызы Еуразия одағы стандарттары бойынша «жасыл» мәртебесіне ие болып отыр. Осы тұрғыда ҚТЖ Әзірбайжан мен Грузия темір жолдары секілді ауаға көмірсутектің аз бөлінуі бойынша белсенді жұмыстар жүргізеді. Мәселен, Грузия теміржолдары 100 пайыз электрлендірілген, мұның ауаны ластамауда көп көмегі бар, себебі олар энергияны экологиялық таза деп саналатын гидроэлектрикалық станциялардан алады, – деді  «TХКБ» халықаралық қауымдастығының бас хатшысы Гайдар Әбдікерімов. 

Отырыс соңында сарапшылар ТХКБ-ны сәтті дамыту тарифтік және реттеуші режимді өзгертуді, инфрақұрылымның өткізу қабілетін дамытуды, үйлестіру жолдарын әзірлеуді, сондай-ақ барлық мүдделі тараптардың ынтымақтастығын қажет етеді деген пікірге келді.  

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті