Кәсіподақ өкілі тағайындалды

Жаңалықтар
23.06.2023, 11:02
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Маңғыстау вагон пайдалану депосын 30 жылға жуық басқарып, бүгінде зейнетке шыққан Құрметті теміржолшы Сәрсенбай Есенқұлов «Қазкөліккәсіп» ҚБ-ның Маңғыстаудағы өкілі қызметіне тағайындалды. Елордадағы аталған кәсіподақтың Орталық аппаратында оны қоғамдық бірлестік басшылары қабылдап, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

– Осы өңірдегі барлық кәсіподақ ұйымдарының кураторы ретінде Орталық кеңестің шыққан қаулысын, кәсіподақтың алдына қойған саясатын сол өңірде жүргізіп, насихаттап отыратын өкіліміз, сонымен қатар аймақтағы теміржолшылардың мұң-мұқтажын бізге жеткізіп отыратын Сәрсенбай Есенқұловтың жұмысы өте күрделі, жауапкершілігі жоғары болмақ. Сондықтан да біз бұл қызметке осы саланың жілігін шағып, майын ішкен, теміржолда абыройлы қызметімен танылған беделді жанды лайық көріп отырмыз, – деді «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасы Оразғали Ахметбаев.  

Бүгінде 64 жасқа келген С.Есенқұлов жолшылар отбасында дүниеге келген. Салада жұмысын 1977 жылы Бейнеудегі Атырау вагон пайдалану депосына қарасты техникалық қызмет көрсету пунктінде ағымдағы жөндеу слесарі болып бастаған. 1990 жылы Алматы теміржол институтына сырттай оқып, вагон құрылымы және вагон шаруашылығы, инженер-техник мамандығы, кейіннен заңгер мамандығы бойынша жоғары білім алған. Вагон жөндеушіден бір аймақтың вагон депосының директоры лауазымына, Құрметті теміржолшы деңгейіне дейін көтерілген. Жоғары білім алғаннан кейін көп ұзамай жұмысы жоғарылап, техникалық қызмет көрсету қосынының шебері болып ауысады. Жас болса да өзін мойындата білген оны төрт жылдан кейін ТҚКҚ басшысы етіп қояды. 1992 жылы оған басшылық Маңғыстау вагон депосы бастығының Бейнеудегі орынбасары жұмысын тапсырады. Араға үш жыл салып Маңғыстау вагон депосының бастығы қызметіне тағайындайды. Содан өткен жылдың соңына дейін осы міндетті абыроймен атқарады.  

Жүмыстағы жетістіктері үшін түрлі марапаттарға ие болған. 2004 жылы «Адал еңбегі үшін» төсбелгісін, 2012 жылы «Құрметті теміржолшы» атағын алады. 2008 жылы «Үздік басшы» атанса, былтыр үшінші дәрежелі «Еңбек даңқы» орденін кеудесіне тақты. Мерекелік медальдары аз емес. Қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. 2007 жылы ашылған Мұнайлы ауданында мәслихаттың алғашқы шақырылымына депутат болып сайланып, 12 жыл бойы аудандық мәслихаттың үш шақырылымына қайта сайланып, беделді депутаттардың бірі болды. Отбасылық өмірде де үлгілі әке, сүйікті жар ретінде танымал. Жұбайымен бірге бір ұл, үш қызды өсіріп жеткізді. Ұлы бүгінде депода вагон қараушы.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті