«Туған елге саяхат» балалар пойызы екінші сапарына аттанды

Жаңалықтар
04.07.2023, 12:35
Оқуға 2 мин
Фото Александра Жабчука

3 шілдеде елордадағы «Нұрлы жол» вокзалынан «Туған елге саяхат» пойызындағы жас саяхатшылар 11 шілдеге дейінгі аралыққа Байқоңыр – Түркістан – Алматы – Алакөл – Астана бағдарында қызықты сапарға аттанды. Биыл теміржолдағы балалар керуені «Самұрық-Қазына» АҚ 15 жылдығына орайластырылып отыр, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жас жолаушылар арасында «Өз өңірімді өркендеткім келеді» шығармашылық байқауының жеңімпаздары мен «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының өндірістік кәсіпорындары қызметкерлерінің балалары бар.

Жобаның басты мақсаты – балаларды жан-жақты дамыту, болашақ мамандықты таңдауға бағдарлау, өз халқының мәдениетіне қанықтыру және де оларды қазіргі өмірдің алуан қырына бойлату. Сонымен қатар, жоба балалардың айналаға деген қызығушылығын арттыруға, елдің тарихи және сәулет ескерткіштерін зерделеуге, Отанға деген сүйіспеншілікке баулуға, патриотизмді нығайтуға бағытталған.

«Мен осы пойызда жол жүретініме, еліміздің ең бір тарихи, көрікті жерлерінде болатыныма қуаныштымын. Бізге бәрі ұнап жатыр, ұйымдастырушылар кешеден бері Астанаға саяхат жасатты. Қатарластарыма ұмытылмас сәттер, мазмұнды кездесулер тілеймін», - деп ойымен бөлісті сапар қарсаңында Семей қаласынан «Туған елге саяхат» пойызының екінші кезеңіне қатысушы Айкөркем Жанұзақова.

Бұған дейін алғашқы кезең қатысушылары 20-28 маусым күндері Астана мен Байқоңыр, Түркістан, Алматы және Бурабайда болып, ерекше көңіл-күй мен шексіз әсер иеленді.

Соңғы қорытынды тур 19-30 шілде Астана – Алматы – Түркістан – Байқоңыр – Ақтау – Астана бағдарына жоспарланып отыр.

Осылайша 10-15 жас аралығындағы 600 бала Қазақстанның көрнекті жерлеріне барып, жазғы демалысын қызықты өткізеді.

Жоба «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» қорының қаржылық қолдауымен және ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен, «Әлеуметтік жобалар қорымен» ынтымақтастықта іске асырылуда.

 

Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр