Баку жазғы энергетикалық мектебінің халықаралық өкілдері Құрық портына келді

Жаңалықтар
10.07.2023, 09:51
Фото: Құрық порты

"Total Energy Summer School" жазғы энергетика мектебінің халықаралық делегациясы бүгін теңіз жолы арқылы Маңғыстау облысына келді, деп хабарлайды Rail-news.kz порттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құрық портына ат басын тіреген қонақтарды Қарақия ауданының әкімі Сымбат Төретаев, Әзербайжан мемлекетінің Ақтау қаласындағы бас консулдығы басшысы Эльчин Башироглы Мамедов, Порт басшылығы мен Ассамблея өкілдері қарсы алды.

– Жоба құрамында әлемнің 14  елінен 67 қатысушы бар. Атап айтсақ, Турция, АҚШ, Ұлы Британия, Италия, Испания, Венгрия, Болгария, Жапония, Қазақстан, Сауд Арабиясы және Нигерия өкілдері бар. Олар Ақтау қаласында өтетін форумға қатысады, – дейді Ақтаудағы Әзербайжан елшісі.

Айтуынша, Баку энергетикалық жазғы мектебі – халықаралық дәрежеде тәжірибе алмасу бағытында биыл 17- рет ұйымдастырылып отыр. Қонақтар 3 күн бойы Ақтау қаласында болып, Маңғыстау өңірінің энергетика саласындағы əлеуетті мүмкіндіктерін бағамдап, мұнай және мұнай өнімдерін өндіру бойынша ақпарат-деректермен танысып, өзара тәжірибе алмасады.  

Әр елдің өкілдерінен құралған қонақтарға Қарақия аудандық Мәдениет үйінің қызметкерлері ән-күйден шашу шашып, ақ дәм ұсынды.  

– Қазақ елі өте қонақжай халық екен. Ұлттық киімдері, домбырасы сондай керемет. Жылы жүзбен қарсы алып жатқан  маңғыстаулықтарға, жергілікті ауданға, елшілікке рахмет!, – дейді Әзербайжан "Ада" университетінің дипломатия және даму бойынша жоба жетекшісі Наргиз Исмаилова.

 

Әлемде
13.08.2026
Қытай теңіз бағыттары үшін контейнерлерді екі қабатпен таситын алғашқы пойызды іске қосты
Жаңалықтар
13.08.2026
Теміржол өткелінде көлік істен шығып, жүк пойызы шұғыл тоқтауға мәжбүр болды
Аймақтар
13.08.2026
Абай облысында 8 теміржол вокзалы жаңғыртылуда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан жүк тасымалы көлемін арттыру шараларын пысықтауда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты дамытуда
Аймақтар
12.08.2026
Түлкібас теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлемде
12.08.2026
Бавария алғашқы сутекті пойызын желтоқсанда іске қосады
Жаңалықтар
12.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы локомотив және жолаушылар паркімен танысты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Спартакиадада тарихи жеңіске жеткен спортшылар командасын құттықтады
Жаңалықтар
11.08.2026
Үкіметте теміржол вокзалдарын жаңғырту мәселелері талқыланды
Инфрақұрылым
11.08.2026
ҚТЖ-да инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында ауқымды жұмыс атқарылуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Маңғыстауда рейдтік іс-шаралар жалғасуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Қауіпсіз өткел: Шымкент жол дистанциясында профилактикалық акция өтті
Аймақтар
11.08.2026
Ақтөбе өңірінде жүк тасымалы артты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ құрамасы – үш дүркін чемпион!
Аймақтар
11.08.2026
Абай мұрасы ұлықталды
Жаңалықтар
11.08.2026
Құрметті демалысқа шығарып салды
Жаңалықтар / Мұрағат
11.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №63 11 тамыз 2026 жыл
Спорт
10.08.2026
Нұржан Сағидоллинов армрестлингтен күміс медаль жеңіп алды
Спорт
10.08.2026
Алла Штрошерер ҚТЖ құрамасының қоржынына қола медаль салды