Аптап ыстықтан созылған рельстер ауыстырылып жатыр

Жаңалықтар
18.07.2023, 09:41
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбеде қазір ауа температурасы 40-50 градус аралығында. Ақтөбе жол дистанциясының жолшылары аптап ыстықта жол күтімін жасап, созылған рельстерді ауыстыру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Кеше Ақтөбе станциясы аумағындағы алтыншы бағдаршам тұсында аптап ыстықтан созылған рельсті ауыстыру жұмысы жүрді. Апаттық жағдай мен оқыс оқиғаның орын алуына жол бермеу үшін жолшылар уақытпен санаспай жұмыс істеуге мәжбүр.  

«Күні бойы жол бойында жүреміз. Жоқ дегенде 10 шақырым жолды тексеріп шығамыз, мынадай аптап ыстықта рельс созылып, қысым пайда болып, лақтырып жіберуі мүмкін. Сынған, көтерілген, ағытылған, жарылған жерлердің жоқтығына көз жеткіземіз», – дейді Ақтөбе жол дистанциясы алтыншы айналымының бригадирі Сайран Бақбергенов.  

Аптап ыстықта жүрісі көбейетін жолшылар осылай, өздеріне бекітілген аумақты күніне екі рет шолып шығады екен. Одан бөлек, жоспарға сай жазғы жол сауықтыру жұмыстары да жүріп жатыр.  

Ақтөбе жол дистанциясының жетекші инженері Асхат Құрманаевтың айтуынша, 15-21 маусым аралығында жол табанын тазарту, қалыпқа келтіру жұмыстары жасалған. Сонымен қатар, 9 жинақ ағаш бұрмалар темір бетонға ауыстырылыпты. РМ, ДУАМАТ техникаларымен 4 шақырымда жазғы жол сауықтыру жұмыстары жүргізілген. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда. Әрине, ертеңнен кешке дейін далада, ыстық күн астында жүретін жолшылар қорғаныш құралдарымен қаруланған, сақтық шараларын ұстануда.  

 

Жаңалықтар
27.03.2026
ҚТЖ Бішкектегі ШЫҰ темір жолы басшыларының VI кездесуінде
ҚТЖ келбеті
27.03.2026
Темірден түйін түйген
Әлеумет
27.03.2026
Салт-дәстүр төрге озған күн
Жаңалықтар
27.03.2026
Дирекциядағы думан
Аймақтар
27.03.2026
Ұлық мереке көркі – ұлттық ойындар
Аймақтар
27.03.2026
Маңғаз Маңғыстауда
Аймақтар
27.03.2026
Атырау теміржолшылары Ұлыстың ұлы күнін атап өтті
Аймақтар
27.03.2026
Сәні мен салтанаты жарасқан
Аймақтар
27.03.2026
Түрксіб саябағындағы серуен
Аймақтар
27.03.2026
Теміржолшылар ауылында
Аймақтар
27.03.2026
Индираның наурыз көжесі
Жаңалықтар / Мұрағат
27.03.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №22-23 27 наурыз 2026 жыл
Аймақтар
26.03.2026
Донор бол – өмір сыйла!
Аймақтар
26.03.2026
Наурыз айы туғанда...
Жүк тасымалы
26.03.2026
Қазақстан ұны Америка нарығына жол тартты
Аймақтар
26.03.2026
Асығы алшысынан түсті...
26.03.2026
ҚТЖ-дағы тіл саясаты: Теміржолшылардың тәжірибесі жоғары бағаланды
Аймақтар
26.03.2026
Қызылордада күрделі жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатыр
Аймақтар
26.03.2026
Теміржолшылар ұлттық спорт түрлерінен сынға түсті
Әлеумет
26.03.2026
Наурызнама онкүндігі аясында қайырымдылық акциясы өтті