Жел өтінде жүрген теміржолшылар үшін паналау орындары бой көтеруде

Жаңалықтар
20.07.2023, 12:57
Суретті түсірген Александр Жабчук
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Қыстың қытымыр аязы мен жаздың шіліңгір ыстығында күн-түн демей далада жел өтінде жүретін теміржолшылардың еңбегі оңай емес. Жол бойынан жауында да, қарда да, аспан айналып жерге түскендей ыстықта да ашық далада жүретін кәсіп иелеріне пана болатын үйшіктер бой түзеуде.

Жолшылар, пойыз құрастырушылар, байланысшылар мен электриктер сынды ауа-райымен санаспайтын мамандық иелеріне жұмыс учаскелерінде әлеуметтік-тұрмыстық жағдай жасау ҚТЖ үшін басты басымдықтың бірі болып отыр. Бұл бағытта соңғы жылдары айтарлықтай бетбұрыс жасалуда.   Айталық, өңірлерге табиғаттың қолайсыз ауа райында пана болатын, жылыну пунктерін жасақтау қолға алынуда.  Шағын ғана үйшік бес тонналық контейнерлерден жасақталуда.   «Бүгінгі күні Атырау өңіріне сондай 95 контейнер жеткізіліп, Атырау және Құлсары  қалпына келтіру пойыздары мекемелерінде тұр. Атырау жол дистанциясына 50 дана, Құлсары жол дистанциясына 45 дана контейнер бөлінді. Олар өңірдегі барлық станциялар мен разъездерге орналастырылатын болады. Қазіргі уақытта орындары белгіленіп, бетоннан құйылған табан төсемі әзірленуде» дейді Атырау магистральдық желі бөлімшесі директорының міндетін атқарушы Амангелді Рахмеденов.  

Түзде жүретін теміржолшылардың жұмыс уақытында дамылдайтын орындарында қажеттінің бәрі бар. Онда жылынып, тамақ ішуге болады. Ішінде пеш, үстел мен орындықтар қойылған. Барлық станциялар мен разъездерде 1-ші қазанға дейін орналастыру көзделген.  

 

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды