Медпойыз-2023: іске қосылғаннан бері 27 мыңға жуық адам көмек алды

Жаңалықтар
20.07.2023, 13:19

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы ағымдағы жылдың 26 сәуірі мен 17 шілдесі аралығында Алматы, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының, сондай-ақ Ұлытау, Жетісу және Абай облыстарының 47 шалғай станциясында болды. 

27 мыңға жуық адам кәсіби медициналық көмек ала алды. Сондай-ақ, 1854 тұрғынға тегін заңгерлік және медиативтік көмек көрсетіліп, 318 медиативтік келісімге қол қойылды, өйткені биылғы жылы медициналық қызметкерлермен бірге пойызда медиаторлар мен заңгерлер де бар. Бұл туралы Астанада өткен брифингте «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы қайырымдылық қызметінің бірыңғай операторы «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Альфия Адиева хабарлады.

Әлеуметтік жоба – «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызын «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры «Samruk-Kazyna» АҚ компаниялар тобының атынан, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның және Денсаулық сақтау министрлігінің қатысуымен, «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қорымен ынтымақтастықта іске асыруда.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауы арқасында алғаш рет азаматтардың мемлекеттік әлеуметтік қолдау алуы, зейнетақылар, жәрдемақылар, әлеуметтік төлемдер және атаулы әлеуметтік көмек алу құқықтарын қорғау мәселелері бойынша тегін консультациялар өткізілуде.

Аталған кезеңде «Саламатты Қазақстан» дәрігерлері шалғайдағы станциялардың 26618 тұрғынын, оның ішінде 6030 баланы, ересектерді – 20588 адамды тексерді.

Олардың ішінде шағын хирургиялық операциялар жүргізілді – 2423; жалпы практика дәрігері/терапевт/педиатр – 8041 адам; хирург – 10010; уролог – 7926; невропатолог – 8703; офтальмолог – 12622; ЛОР – 7728; акушер – гинеколог – 2488; стоматолог – 6435; кардиолог – 1489; психолог-56; ЭКГ өткізілді – 3737; УДЗ-7904; ФЛГ – 1161 және ЭхоКГ – 834.

Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұжымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды
Аймақтар
02.09.2026
Ақтөбе облысында жөндеуден кейін Жем вокзалы қайта ашылды