«Туған елге саяхат» пойызының үшінші кезеңі сапарға аттанды

Жаңалықтар
21.07.2023, 10:58
Оқуға 2 мин

Елордалық «Нұрлы жол» вокзалынан биылғы үшінші - қорытынды турға «Туған елге саяхат» қайырымдылық балалар пойызы аттанды. Осы лагерьдің үш жазғы маусымында рельстерде 10-15 жас аралығындағы 600 бала Қазақстанның көрнекті жерлеріне барып, экскурсиялық пойызда ұмытылмас демалыс өткізе алды, оның ішінде 400 бала бірінші және екінші сапардан кейін үйлеріне оралса, тағы 200 бала жолға шықты.

Жас жолаушылардың бір бөлігі – Қазақстанның түкпір - түкпірінен «Өз өңірімді дамытқым келеді!» тақырыбында эссе жазу жеңімпаздары болса, ал екінші бөлігі - «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының өндірістік кәсіпорындары қызметкерлерінің балалары.

Жобаның басты мақсаты – балаларды жан-жақты дамыту, баланы болашақ мамандығын таңдауға бағыттау, өз халқының мәдениетімен таныстыру және туған өлкесін зерттеу. Жоба сонымен қатар балалардың қоршаған әлемге деген қызығушылығын арттыруға, елдің тарихи және сәулет ескерткіштерін зерттеуге, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриотизмге тәрбиелеуге бағытталған.

Жоба «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қаржылық қолдауымен және ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен «Әлеуметтік жобалар қорымен» ынтымақтастықта іске асырылуда.

Үшінші сапардың басталуы күні Астанада жас саяхатшылар – «Туған елге саяхат» туған елі бойынша соңғы турға қатысушылар да сөз сөйлеген жиында «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры, «Самұрық-Қазына»  АҚ компаниялар тобы қайырымдылық қызметінің бірыңғай операторы Альфия Адиеваның брифингі болып өтті.

Балалар бұл жобадан ең жақсы әсерлер күтетінін және шытырман оқиғаларға дайын екенін айтып жатты. Олар осындай маңызды және қажетті жобаны ұйымдастырушыларға шын жүректен алғыстарын білдірді. Өз кезегінде, Альфия Адиева олармен қоштаса отырып, осы 10 күнді өз елі бойынша саяхатты пайдалы да зор шабытпен өткізуді тіледі. Үшінші айналымда балалар Астана – Алматы – Түркістан – Байқоңыр – Ақтау – Астана маршруты бойынша жүріп өтетін болады.

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті