ҚТЖ-да қызметкерлерді қайта оқыту, біліктілік арттыру жұмыстары жүргізілуде

Жаңалықтар
31.07.2023, 12:42
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Ұлттық компанияның басты активі мен әлеуеті – адам ресурстары. Мыңдаған қызметкерлерден тұратын ұжымдардың басын біріктіретін компаниядағы кадрлық саладағы бастамалар туралы жақында «Магистраль» сарапшылар форумындағы дөңгелек үстелде сөз болды.  

Арнайы хабарға «ҚТЖ» ҰК» АҚ Адами ресурстарды басқару департаментінің директоры Сәуле Истлеева және «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасының орынбасары Жұпарбек Сәбитов қонақ болды. Форум қатысушылары компанияның кадр саясатындағы басым бағыттар және стратегиялық жоспар мен мақсаттар туралы баяндады. Сонымен қатар кадр саясатын дамыту үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын мәлімдеді.

– Биыл Мемлекет басшысы ҚТЖ-ны көлік-логистикалық компанияға айналдыруды ұсынып, бізге үлкен стратегиялық тапсырма берілді.  Бізде одан бөлек жаңа жолдар, логистикалық хаб салу бойынша бастамалар бар. Осы жобалардың бәрі бізге сәйкесінше қосымша кадрлық персонал тарту міндеттерін жүктейді. Қазіргі таңда біз үшін логистикалық салада біліктіліктері бар мамандар қажет. Бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан қызметкерлерді қайта оқыту, біліктілік арттыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар өндірістегі үнемшілдік, әлеуметтік тұрақтылықты сақтау, еңбек қорғау саласында да жұмыстар жетілдірілуде. Әсіресе, қауіпсіз еңбек жағдайына баса көңіл бөлінеді. Міне компанияның кадр саясатының негізгі бағыттарына осылар жатады,–  деді С. Истлеева.  

Ол сондай-ақ қазіргі таңда компанияның кадрлық қызметі жаңа жұмыс форматына өтіп жатқанын жеткізді. Ұсынылып жатқан бастамаларды жүзеге асыру нәтижесі пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін және өндірістік қауіпсіздікті күшейту, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету, еңбек қорғау және қаржылық-экономикалық және басқа да көрсеткіштерге әсер етуі бойынша бағаланады.  

Орталық аппараттан бастап шалғай станцияларға дейінгі теміржолшылармен бетпе-бет жиі кездесіп, олардың әлеуметтік жағдайымен танысатын кәсіподақ өкілі компаниямен арада жасалған Ұжымдық шарттың артықшылықтары, жалпы жұмысшылардың талаптары туралы айтты.  

– Кәсіподақ тікелей басшылықпен бірге жұмыс істейді. Бүгінде ұжымдық шарттың бағасы 2023 жылға 18 млрд теңгені құрайды. Ұжымдық шарттың нормалары өте көп. Бұл қаржы демалысқа, балалар демалысына, жылына бір рет теміржолмен жүру ақысына, қосымша еңбек демалыстарына және тағы басқа салаларға төленеді. Сонымен қатар маңызды бір мәселе – жолшылар жағдайын жөндеу үшін 2024 жылы қаңтар айынан бастап оларды ертерек зейнетке жіберу бойынша ұсынысқа қарай отырыс хаттамасы бар, яғни олар 60 жаста зейнетке шығарылып, 63 жасқа дейін компания есебінен төлемақы алады. Бұл тәжірибе бізде локомотив саласында бар, бұрын олар 59 жасында кететін, қазір 57 жаста зейнетке шығады, – деді кәсіподақ өкілі.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады