Теміржолшылар күні құтты болсын!

Жаңалықтар
04.08.2023, 09:23

Жылдағы дәстүр бойынша тамыздың алғашқы жексенбісі аталып өтетін Көлік қызметкерлері күні еліміздегі жүз мыңдаған теміржолшылардың да төл мерекесі болып табылады. Бұл – уақытпен санаспай еңбек етіп, тәуліктің кез келген мезгілінде жұмыс орнынан табылатын теміржолшы деген жанкешті халықтың ерен еңбегі еленіп, лайықты бағасын алатын күн.

Олар – пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жыл он екі ай түзде жүретін жолшылар, машинистер, пойыз құрастырушылар, вагон қараушылар, жолсеріктер, тағысын тағы теміржолдың кәсіби мамандары.  

Жылдағы дәстүрге сай биыл да кәсібилігімен танылып, адал еңбегімен абырой арттырған бір топ сала еңбеккерлері түрлі наградаларға ие болады. Атап айтсақ, «Құрметті теміржолшы» белгісімен 76 адам, «Үздік басшы» белгісімен 45 адам, «Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен 97 адам, «Кәсібі бойынша үздік» наградасымен 173 адам, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен 700-ден астам адам марапатталады.  

Сонымен қатар биыл «Үздік мамандар» Құрмет тақтасына Ұлттық компанияның, еншілес ұйымдардың және басқа да мекемелердің «Құрметті теміржолшы» белгісімен, Компанияның Басқарма төрағасының атаулы сағатымен, «Адал еңбегі үшін», «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» және «Үздік рационалиазатор» төсбелгілерімен, сондай-ақ мемлекеттік наградалармен, «Үздік басшы», «Кәсібі бойынша үздік», «Үздік маман» белгілерімен марапатталғандар, қала берді теміржол көлігінің дамуына сүбелі үлес қосқан, қызметтік міндеттерін атқару барысында айрықша батылдық, қырағылық танытқан 48 теміржолшының портреті орналастырылмақ.  

Мереке құтты болсын, құрметті теміржолшылар! Суретте саланың ең мәртебелі марапаты «Құрметті теміржолшы» белгісіне ұсынылған «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Батыс» филиалы Никельтау станциясының пойыз құрастырушысы Марат Арыстанбаев.

 

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды