Қазақстандық машинист-нұсқаушылар біліктілігін арттыруда

Жаңалықтар
15.08.2023, 17:36
Оқуға 1 мин

Машинист-нұсқаушыларға арналған "Кәсіби шамшырақ" Корпоративтік даму бағдарламасы Астана қаласындағы "ҚТЖ" ҰК" АҚ қызметкерлерін оқыту және дамыту орталығында басталды. 

Іс-шараның ашылуына "ҚТЖ" ҰК" АҚ Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің директоры Марат Шакенов, "ҚТЖ" ҰК" АҚ адам ресурстарын басқару департаментінің директоры Сәуле Истлеева және "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС Бас директорының м.а. Марлен Көкірекбаев қатысты.

Оқытудың негізгі мақсаты - машинист-нұсқаушылар қызметінің тиімділігін арттыру. Бағдарлама кәсіби және көшбасшылық құзыреттерді дамытуға, "адам факторының" өндірістік процестерге теріс әсерін төмендетуге ықпал ететін білім мен дағдыларды игеруге, машинист-нұсқаушылар институтының жаңа мәртебесін қалыптастыруға, басқарудың озық құралдарын енгізуге бағытталған. 

Төрт күн ішінде локомотив бригадаларының машинист-нұсқаушылары төтенше және стандартты емес жағдайларда қолданылатын жаңа дағдылар мен әдістерді үйреніп, нақтылыққа жақындатылған жағдайларда әрекет етеді. Машинист-нұсқаушылар локомотив бригадалары үшін техникалық сабақтар өткізетіндіктен, оларға ересектерді оқытудың қыр-сырын (андрагогика), оқыту процесінің әдіснамасы мен құрылымын зерделеуге мүмкіндік беріледі. 

Екінші модуль цифрландыру, үнемді өндіріс, ESG және корпоративтік мәдениет, еңбек заңнамасы, стресске төзімділік мәселелерін зерттеуге арналған, ол онлайн форматта өтеді. Үшінші қорытынды модульде тыңдаушылар кейстерді практикалық талдауды, жобаларды қорғауды, қорытындылар шығаруды үйренеді, сертификаттар табысталады. 

Үш модульдік оқытудан екі ай ішінде "ҚТЖ-Жүк тасымалы"ЖШС локомотив бригадаларының 50 машинист-нұсқаушысы өтеді.

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті