Астанада машинист-нұсқаушыларға арналған оқыту модулі өтті

Жаңалықтар
18.08.2023, 08:47
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Астана қаласындағы «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметкерлерін оқыту және дамыту орталығында машинист-нұсқаушыларға арналған «Кәсіби шамшырақ» Корпоративтік даму бағдарламасы бойынша оқыту модулі өтті.

Іс-шараның ашылуына «ҚТЖ» ҰК» АҚ Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің директоры Марат Шакенов, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Адами ресурстарды басқару департаментінің директоры Сәуле Истлеева және «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директорының міндетін атқарушы Марлен Көкірекбаев, т.б. жауапты мамандар қатысты.  

Ұйымдастырушылардың айтуынша, оқытудың негізгі мақсаты – машинистнұсқаушылар қызметінің тиімділігін арттыру, өндірістік қауіпсіздік деңгейін көтеру, өндірісте жарақат алуды азайту, кәсіби біліктілікті дамыту, жеке және командамен жұмыс сапасын жақсарту, жұмысшыларды оқытудың заманауи әдістерін енгізу. Бағдарлама кәсіби және көшбасшылық құзыреттерді дамытуға, «адам факторының» өндірістік процестерге теріс әсерін төмендетуге ықпал ететін білім мен дағдыларды игеруге, машинист-нұсқаушылар институтының жаңа мәртебесін қалыптастыруға, басқарудың озық құралдарын енгізуге бағытталған.

– Бірінші кезекте қандай жағдай болмасын біздің міндетіміз – қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Осы бағытта локомотив бригадаларының білімін жетілдіріп отыратын машинист-нұсқаушыларға заманауи білім берудің, біліктілігін жетілдірудің маңызы зор. Бұл – уақыт талабы. Осында үйренген, алған білімді жергілікті жердегі әріптестерге таратып, ел теміржолының дамуына үлес қосасыздар деген сенімдемін. Машинист-нұсқаушы – ол ревизор және контролер емес, ол басшы, тәлімгер және ұстаз, – деді шараның ашылу салтанатында сөз алған «ҚТЖ» ҰК» АҚ Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің директоры Марат Шакенов.

Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған локомотив бригадаларының машинист-нұсқаушылары төрт күн бойы аталған бағдарлама аясында білім алды. Атап айтқанда, олар апатты және стандартты емес жағдайда қолданатын әдістер мен жаңа машықтарды меңгерді. Локомотив бригадаларына арнап техникалық сабақтар өткізетіндіктен оларға осы модуль барысында оқыту процесі құрылымы мен әдістемесін игеруге мүмкіндік берілді. Бірінші күні қатысушылар түрлі климаттық жағдайдағы апатты және стандартты емес оқиғалар кезінде әрекет ету, бақылау-инструкторлық сапар: машинист-нұсқаушының мақсаты мен міндеттері тақырыптарында саланың білікті мамандарының дәрісін тыңдады. Екінші күні өндірістік экскурсияға шығып, электр/жылу тартымының жаңа сериядағы локомотивтерінің құрастырылуы туралы дәріс тыңдады. Сонымен қатар арнайы мамандардан мінез-құлық пен әдеп кодексі, сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі туралы мәліметтерге қанықты. Келесі күндері автотежегіштерді басқару, шешендік өнер, еңбек қауіпсіздігі мәдениеті тақырыптарында тренерлердің дәрісіне қатысты.  

– Оқыту модулі барысында жаңа бағытта жұмыс істеу тәсілдерімен танысып, қарамағыңдағы қызметкерлермен қалай тиімді жұмыс істеуді үйрендім. Сонымен қатар өзге өңірлерден келген әріптестерімен кездесіп, танысып, өзара пікір алмастық, соның өзі тәжірибе, – дейді Екібастұз локомотив пайдалану депосының машинист-нұсқаушысы Нұржан Байбакин.  

Машинист-нұсқаушыларды аталған бағдарлама бойынша оқытудың 1-ші модулі 15-18 тамыз аралығында офлайн өткізілсе, 2-ші модулі 24-31 тамызда онлайн және 3-ші модулі 25-27 қыркүйекте қайтадан офлайн форматта ұйымдастырылады. Екінші модуль цифрландыру, корпоративтік мәдениетті арттыру, еңбек заңнамасы, күйзеліске төзімділік, ESG, үнемді өндіріс бойынша мәселелерге арналады. Ал үшінші, соңғы модульде қатысушыларға тәжірибелік кейс талдау ұсынылады, сонымен қатар олар жобаларын қорғап, қорытынды шығарады және барлығы сертификаттарға ие болады. Үш модульдік оқу екі айда өткізіліп, соның барысында 50 машинист-нұсқаушы қамтылады.

 

Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды