«Самұрық-Қазына» 15 жылдығына арналған жыл сайынғы Спартакиада басталды

Жаңалықтар
19.08.2023, 11:14
Оқуға 2 мин

«Самұрық-Қазына» АҚ 15 жылдығына орай Басқарма Төрағасы Нұрлан Жақыпов Қор компаниялар тобы қызметкерлері арасындағы VIII Спартакиадаға бастау берді.

Ауқымды сайыс барысында Қор құрамындағы 16 компания еңбеккерлері 11 спорт түрінен күш сынасуда.

«Самұрық-Қазына» компаниялары қызметкерлері арасындағы 8-ші спартакиада қатысушыларына жалынды сәлем! Биыл ауқымды спорт сайысы Қордың 15 жылдығына арналуда. Бұл дегеніңіз, біз Қазақстандағы 250 мыңнан астам қызметкері бар ең ірі жұмыс беруші ретінде салауатты өмір салтын қолдаймыз. Бүгінгі салтанатты шеруге қарап, әріптестеріміздің спортты тұрақты серік еткеніне кезекті рет куә болып отырмыз. Отбасыларыңыздың да жанкүйер болып келгені қуантады. Оларға, яғни балалар мен ересектерге бөлек бағдарлама дайындадық. Баршаңызға спорт мерекесінде ерекше естен кетпес қызықты сәттер, биік белестер тілеймін. Спартакиада суперфиналын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!», - деді салтанатты ашылу рәсімінде өзі де спорттың бірнеше түрімен, оның ішінде жүзумен белсенді айналысатын Қор басшысы Нұрлан Жақыпов.

Осылайша «Samruk United» құрамасы, «Қазпочта» АҚ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Эйр Астана», «КEGOС» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Qazaq Air» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «QAZAQGAZ» ҰК» АҚ, «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ,  «Samruk-Kazyna Trust» КҚ, «Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ, «Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» ЖШС, «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ және «Самұрық-Энерго» АҚ спортты серік 845 өкілі жекелей жарыстар тұрғысында үстел теннисі мен шахмат, тоғызқұмалақ, армрестлинг, жүзуден тартысқа түссе, ал топтық аламандарда футзал, волейбол, баскетбол, арқан тарту, асық ату және киберспорт бағыттарында жеңіске ұмтылады.

Спартакиаданы өткізудегі негізгі мұрат - корпоративтік мәдениет пен ұжым ішіндегі байланыстарды нығайтып, барлық қатысушыны «Бір команда - бір мақсат!» ұраны аясында ортақ идеяның айналасына біріктіру, жеңіске бірге жету идеясын насихаттау. Мұнай-газ өнеркәсібі, металлургия, көлік және басқа да инфрақұрылымды қоса алғанда көптеген экономика салаларында сенімді серіктес компаниялар спортта да көшбасшы екенін дәлелдемек.

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті