Хакатоннан зор әсер алып қайттым – HR маманы

Жаңалықтар
21.08.2023, 12:18
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

«Кадр бәрін шешеді» деген қағида бүгінгі күні де маңызын жойған емес. Қай ұжымда да жұмыстың оң бағытта жүруін персоналмен жұмыс істейтін мамандар шешеді. Сондықтан олармен жұмыс қаншалықты жақсы жолға қойылған болса, соншалықты еңбек өнімділігі де жоғары болады.  

Жуырда Астана қаласындағы «ҚТЖ ҰК» АҚ-ның қызметкерлерді оқыту және дамыту орталығында «Ортақ мәселе – ортақ шешім!» тақырыбымен өткен алғашқы HR-Хакатонға Атырау магистральдық желі бөлімшесінің персоналды басқару бөлімінің бастығы Анар Жалғасбаева қатысып қайтты. Ұжымдағы бірлікті нығайту, проблемаларының балама шешімдерін командалық негізде іздеу, тәжірибе алмасу, бөлісу, еңбек ұжымдарында әлеуметтік тұрақтылықты қалыптастыруды мақсат тұтқан шара қатысушыларға зор әсер сыйлаған.    

– Бұл шара аймақтық және желілік HR-қызмет басшыларына арналды. Негізгі бағыты – өндірісте жасайтын жұмысшыларға жақсы жағдай жасау, олардың жұмысқа деген ынтасын арттыру негізінде болды. Алғашқы HR-Хакатон жоғары деңгейде өтті. Соның ішінде тәжірибесі мол, білікті эксперттер өткізген шеберлік сабақтары өте жақсы ұйымдастырылған, персоналды басқару жұмыстары бойынша, еңбек дауларын шешуде берері көп болды. Жалпы біз бұл шарадан зор әсер, үлкен мотивация алдық. Өз жұмысымызға басқа қырынан қарауға мүмкіндік берді. Сондықтан осындай шаралар жиірек өтіп тұрғаны дұрыс болар еді, – дейді ол.

Шараға әр өңірден барлығы 45 адам қатысыпты. Олар шеберлік сабақтарын тыңдауға қатысып, диалогтық негізде өз пікірлерін білдіріп, талқылап, ұсыныс айтып қана қоймай, 5 командаға бөлініп, күрмеулі ситуациядан шығу бойынша «Билетсіз жолаушы», «Машинист көмекшісін оқыту», т.б. әртүрлі тақырыптарды қорғаған. Бір сөзбен айтқанда, компания бойынша өткен алғашқы HR-Хакатон жаңа адамдармен танысқысы келетін, өзін жетілдіруге ұмтылатын және жаңа нәрселерді білгісі келетін мамандарға арналған өте қажетті іс-шара болғаны анық.  

 

Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды