Суды үнемдеуге арналған акция өтті

Жаңалықтар
28.08.2023, 13:39
Фото ашық дереккөзінен
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Осы жылдың тамыз айында «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалдары мен құрылымдық бөлімшелерінде «Тіршілік тамшы судан басталады» атты акция өтті. 

Акция мақсаты – қоршаған ортаны қорғау проблемаларына экологиялық көзқарасты қалыптастыру, сондай-ақ су ресурстарын сақтауға және ұтымды пайдалануға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру.  Осыған орай темір жол қызметкерлерінің назарын суға ұқыптылықпен қарауға салып, жұмыс орнында, үйде үнемділік ережелерін сақтауға қатысты қарапайым кеңестер айтылды.

«Су – тіршілік көзі. Сондықтан әрбір адам үйдегі суды үнемдеу арқылы планетаны сақтауға үлес қоса алады. Оған Жаңа-Семей жол дистанциясы жолшылары мен Ақтөбе белгі беру және байланыс дистанциясы қызметкерлерінің суды үнемдеудің қарапайым тәсілін тауып отырғаны жарқын мысал бола алады. Мәселен, сіздің дәретхананың су жіберетін күбішесі екі режиммен жабдықталмаған болса, онда артық су кетірмеудің қарапайым тәсілі мынадай: яғни екі литрлік пластикалық бөтелкені суға толтырып, күбішеге салып қоясыз. Бұндай тәсіл күніне 20 литрге дейін таза суды үнемдеуге көмектеседі», – дейді Дирекцияның экологиялық қауіпсіздік бөлімінің бастығы Айгүл Иримбетова.

Маман сөзіне қарағанда, Дирекцияға қарасты құрылымдық бөлімшелер мен өңірдегі филиалдардың қызметкерлері «Тіршілік тамшы судан басталады» акциясына белсенді қатысқан. Бір қарағанда, қарапайым кішкентай ғана дүние болып көрінері анық. Алайда, бұл ғадет адам бойына сіңісіп кетсе, жаһандық проблеманы шешуге көмектесетін өзгерістер бастауы екені сөзсіз. Суды үнемдей отырып, планетаны, қоршаған ортаны, тіршілік атаулыны қорғауға атсалыңыз. Бұл – әрбір адамның азаматтық парызы.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты