Іздеуде жүрген шетел азаматы Ақтөбе вокзалында ұсталды

Жаңалықтар
18.09.2023, 11:24
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Теміржол сақшылары вокзал маңынан іздеуде жүрген көрші Ресей азаматын ұстады. «Алаяқтық» бабымен заңбұзушылық жасаған азамат қолхатпен жіберілді.  

Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімі «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстың алдын алуға бағытталған жұмыстар кезінде барлығы 49 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, бірнеше адам жауапқа тартылды. Вокзалдың іші-сырты, перрон бойы және теміржол өткелдерінде бақылау жұмыстары күшейді. Нәтижесінде қоғамдық орындарда масаң күйде жүрген 4 адам, жарамсыз жеке куәлікпен жүрген 2 Қазақстан азаматы және көші-қон заңнамасының талаптарын бұзған бір шетел азаматы жауапқа тартылды. Сонымен қатар Әкімшілік Кодексінің басқа да әртүрлі баптарымен 37 әкімшілік құқықбұзушылық қозғалды.

«Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызмет көрсету аумағында қылмыстық іс бойынша іздеуде жүрген Ресей азаматы ұсталып, өз еркімен еліне қайту туралы қолхатпен  жіберілді», – деп хабарлайды желілік полиция бөлімінің өкілдері.

Сонымен қатар, теміржол сақшылары «Ақтөбе-Жіңішке» станция аралығында жүрген 31 жастағы жүргіншіден ұсақ көлемде есіртке затын тауып, сараптамаға жіберді.

 

Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті
Аймақтар
31.07.2026
Еңбек ер атандырған Ерлан
Аймақтар
31.07.2026
Аягөздің абыройлы азаматы
Аймақтар
31.07.2026
Достық – мүмкіндіктер мекені
Аймақтар
31.07.2026
Түбекке танымал тұлға