Көлік министрі ҚХР-да бірқатар келіссөз жүргізді

Жаңалықтар
25.09.2023, 12:17
Дереккөз: Министрлік

Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары барысында ҚР Көлік министрі ел астанасы мен шығыстағы провинцияларына барып, Циндао және Ляньюньган порт қалаларының әкімшіліктері өкілдерімен, көлік-логистикалық кәсіпорындар мен көлік инфрақұрылымын салу және дамытумен айналысатын компаниялардың басшылығымен бірқатар кездесу өткізді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Сенбі күні Марат Қарабаев Шаньдун провинциясындағы Циндао қаласының халық өкілдері жиналысының жетекшісімен кездесіп, Shandong Port group портының автоматтандырылған контейнерлік терминалына барды.

SPG – кеме қатынасының жаһандық көшбасшыларының серіктесі. 2022 жылы 360-тан астам өндірістік айлақ және 320-дан астам контейнерлік тасымалдау маршруты бар компаниялар тобының жүк айналымы 1,62 млрд тоннадан асты.

Бүгінгі таңда Shandong port group Құрық және Ақтау порттарымен олардың қуаттарын кеңейту бөлігінде, сондай-ақ «ҚТЖ» АҚ-мен логистикалық өнімдер мен цифрлық сервистерді дамыту, қазақстандық өнімдерді экспорттау, теңіз порттарын дамыту және Қазақстанның басқа да логистикалық инфрақұрылымы саласында ынтымақтастық туралы уағдаласты.

Порттың жұмысымен танысқаннан кейін ҚР Көлік министрі мен SPG өкілдері Ақтаудағы логистикалық сауда хабы мен кеме жасау зауытының құрылысы, ТМТМ кеңейту, порт логистикалық ресурстарының интеграциясы және басқа да әлеуетті бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруды талқылады.

Сондай-ақ осы күні Марат Қарабаев GA COSCO контейнерлік терминалына барып, Халықаралық кешенді контейнерлік логистикамен және жүктерді теңізбен импорттық және экспорттық тасымалдаумен айналысатын Қытай-Сингапур бірлескен кәсіпорнының бас директорымен келіссөздер жүргізді. Компания ауқымы, қызмет көрсету функциялары және кешенді қуаты бойынша Циндаодағы жетекші логистикалық кәсіпорындардың бірі.

Марат Қарабаев пен Лю Сяоцзюнь қазақстандық экспорттаушыларға GA COSCO инфрақұрылымы арқылы ҚХР және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің нарықтарына қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелерін, сондай-ақ Циндао порты арқылы ТМТМ бойынша Оңтүстік-Шығыс Азия, Жапония және Оңтүстік Корея елдерінің Қытай және транзиттік жүктерін жеткізу алгоритмін бірлесіп пысықтау мүмкіндігін талқылады.

Сонымен қатар тараптар Қытайдан экспортталатын жүктерді және Оңтүстік-Шығыс Азия, Жапония және Оңтүстік Корея елдерінің транзиттік жүктерін Циндао порты арқылы Орталық Азия елдеріне жеткізу бойынша жаңа сервистерді бірлесіп дамыту және аталған бағыттар бойынша GA COSCO контейнерлер паркімен және қазақстандық көлік-логистикалық кәсіпорындармен бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндігін қарастырды.

Жексенбі күні министр Цзянсу провинциясына барып, Ляньюньган қаласының партия комитетінің басшылығымен кездесу өткізді, сонымен бірге KTZ EXPRESS АҚ-мен бірлесіп іске асырылған Қазақстан-Қытай логистикалық терминалына барды. Қазақстаннан Қытайға және оңтүстік-шығыс Азия елдеріне және кері қарай бағытталатын барлық контейнерлік тасымал осы терминалда қайта өңделеді. 2014 жылы іске қосылғаннан бері инфрақұрылымдық нысан 1,7 миллионнан астам ЖФЭ өңдеді.

Әрі қарай Марат Қарабаев Ляньюньган қаласы портының жұмысымен танысып, Цзянсу провинциясының ірі логистикалық компанияларымен келіссөздер жүргізді.

 

Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды