Ақтауда "ТХКБ 2023: цифрландыру дәуіріндегі инновациялар мен даму" бизнес-форумы өтті

Жаңалықтар
29.09.2023, 16:03
Оқуға 2 мин

2023 жылғы 29 қыркүйекте Ақтауда Транскаспий халықаралық көлік бағдарының (ТХКБ) өңіріндегі серпінді өзгеріп жатқан жағдайға арналған және 10 елден қатысушыларды жинаған "ТХКБ 2023: цифрландыру дәуіріндегі инновациялар мен даму" бизнес-форумы өтті.  

Іс-шара барысында нарықтың өзекті сын-қатерлері, инвестициялық ынтымақтастықты жандандыру, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту талқыланды.  

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің көлік және транзиттік әлеуетін дамытуға және ағымдағы жылы 10 жылдығы атап өтілетін ТХКБ арқылы жүк ағынын ұлғайту қажеттілігіне ерекше назар аударып келеді.

Қатысушылар негізгі инфрақұрылымдық жобаларды жан-жақты зерттеп біліп, өңірлік көлік-логистикалық бизнестегі жаңа қарқынға  табысты бейімделудің стратегиялық шешімдері мен инновациялық тәсілдерін талқылады. Қазір көлік-транзиттік коммуникациялардың әлеуетін арттыру және олардың мүмкіндіктерін барынша пайдалану өте маңызды болып отыр.

Жалпы, "ТХКБ 2023" жедел цифрландыру жағдайында Транскаспий халықаралық көлік бағдарын, саланы дамытуға шешімдер қабылдау, бизнес-стратегияларды бейімдеу және белсенді бірлесіп қатысу алаңы болды.

Бұдан басқа, "ТХКБ "ХҚ" ЗТБ жаңа мүшелерімен шарттарға қол қою рәсімі және "Мультимодальды тасымалдау және цифрландыру", "Инфрақұрылым - теміржол, автомобиль және теңіз көлігі"панельдік сессиялары өтті.

Сессия барысында ТХКБ-ның негізгі буыны болып табылатын "ҚТЖ" ҰК" АҚ рөлі атап өтілді. 2023 жылғы қаңтар-тамызда ТХКБ бойынша теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қарқыны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 85,3% өсмді көрсетті және 1,7 млн тоннадан астамды құрады.

Бұдан басқа, Ақтауда ТХКБ-ны дамыту жөніндегі жұмыс тобының және "ТХКБ" ХҚ" ЗТБ жалпы жиналысының отырысы өтіп, фидерлік Кемелерді пайдалана отырып, ТХКБ бойынша контейнерлік пойыздар құрамында жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру кезіндегі өзара іс-қимыл және жауапкершілік шаралары туралы келісімге және Каспий теңізі порттарының арасындағы фидерлік кемелердің қатысуымен тікелей халықаралық теміржол-су қатынасында контейнерлік тасымалдауды ұйымдастыру туралы келісімге қол қойылды.

Отырыстың басты тақырыбы елдер арасындағы, оның ішінде сауда және көлік сияқты салалардағы ынтымақтастықтың жаңа бағыттары болды. Өңір елдері маршруттарды әртараптандыру және түрлі инфрақұрылымдық және логистикалық жобаларды дамыту үшін белсенді шаралар қабылдауда.  

 Іс-шараны "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ, "Транскаспий халықаралық көлік бағдары" Халықаралық қауымдастығы" ЗТБ ұйымдастырды.  

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті