Республика күні қарсаңында "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның 1000 астам қызметкері марапатқа ие болды

Жаңалықтар
24.10.2023, 15:55
Оқуға 2 мин
Александр Жабчук

Республика күні қарсаңында еліміздің теміржол көлігі қызметкерлері саланың дамуына ерекше үлес қосқаны үшін түрлі наградалармен марапатталды.  

Жалпы, биыл компанияның еңбегі жоғары бағаланған 1000 астам қызметкері арасында 17 адам мемлекеттік наградалармен, соның ішінде "Құрмет", III дәрежелі "Еңбек Даңқы" ордендерімен, "Ерен еңбегі үшін", "Шапағат"медальдарымен марапатталды.  

Сонымен қатар, теміржолшыларға салтанатты жағдайда компанияның орталық кеңсесінде "Адал еңбегі үшін" белгілері, "Самұрық-Қазына" АҚ-ның, компания басшылығының құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табысталды. Биылғы жылы екі маңызды жаңа марапат - "ҚТЖ" ҰК" АҚ дамуға қосқан ерекше үлесі үшін" және "Ерлігі үшін" төсбелгісі тағайындалып отыр.  

Марапатталғандар арасында әр түрлі теміржол кәсіптерінің адамдары - машинист-нұсқаушы, пойыз құрастырушы, жол шебері, көпір жолының шебері, жолсерік, сала зейнеткері және басқалар бар.  

Мереке кезінде алғыс сөздерімен компанияның әрбір қызметкерінің қосқан үлесі атап өтіледі. Салалық және мемлекеттік міндеттерді табысты іске асыру бірлескен еңбектің нәтижесінде мүмкін  болды.

Компания Тәуелсіздік жылдарында жүк айналымы бойынша рекордтық көрсеткіштерден асып түсті, контейнерлік транзит өсуде. Ауқымды инфрақұрылымдық жобалар іске асырылуда. Достық – Мойынты учаскесінде екінші жолдардың құрылысы жүргізілуде, Дарбаза – Мақтаарал, Бақты – Аягөз, Алматы станциясының айналма жолының жаңа желілерінің құрылысын бастау жоспарлануда. Локомотив паркін жедел жаңарту жүріп жатыр.

Салтанатты жиын дәстүрлі түрде өз әріптестеріне ҚТЖ талантты қызметкерлері дайындаған мерекелік концертпен аяқталды. Республика күніне орай компанияның барлық қызметкерлеріне 1 ЕТЖМ мөлшерінде біржолғы сыйлықақы төленетін болады.

Мерекелік іс-шаралар "ҚТЖ" ҰК" АҚ барлық өңірлік бөлімшелерінде өтті.

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті