Алматы бөлімшесінде үздік тауар кассирлері анықталды

Жаңалықтар
07.11.2023, 12:43
Оқуға 2 мин

Алматы жүк тасымалдау бөлімінде «Үздік тауар кассирі» атағына конкурс өтті,  деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Конкурс мақсаты – жүк тасымалы саласында темір жол клиенттерімен жұмыс істейтін мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру. Тауар кассирлері төлемдердің уақытылы есептелуін қамтамасыз етіп, жүктерді қабылдау, тиеу және беру, сондай-ақ оларды қайта жіберу жөніндегі құжаттарды тексеріп, ресімдейді.

Үздік кәсіпқой атағы үшін Достық, Алтынкөл, Алматы, Талдықорған, Текелі, Қарабұлақ, Үштөбе, Ақтоғай, Бескөл, Матай, Қапшағай, Іле, Жетіген, Малай-Сары, Сарыөзек, Тентек, Байсерке, Шелек, Бұрундай, Отар, Жетісу, Медеу, Шамалған, Ақсенгір және Қайрат станцияларының тауар кассирлері бақ сынасты. Байқауда үздіктердің үздіктері жеңіске жетті.  

Үздік маман ретінде Достық станциясының тауарлық кеңсе бастығы Салтанат Жәкенова танылды. Бұл қызметте ол 20 жылдан астам жұмыс істейді, «Үздік маман» атағына да ие. Үздіктер арасында Алтынкөл станциясының аға тауар кассирі Арай Төлегенова да бар, мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 17 жыл. Талдықорған станциясының аға тауар кассирі Лариса Бондаренко бай өмірлік  тәжірибе мен нормативтік базаны жақсы білетіндігін көрсетті. 33 жылдан астам жұмыс тәжірибесі мен кәсібилігі оның мамандығы бойынша үздіктер қатарында  болуына алып келді. Осы мамандық бойынша 17 жыл жұмыс істеген Іле станциясының тауар кассирі Айжан Сапарғалиева кәсіби білімін, дағдыларын, креативтілігі мен ойлау логикасын көрсетті.

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті