Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру шеңберінде ҚТЖ-да комплаенс және тәуекел-менеджмент мәселелері бойынша корпоративтік оқыту ұйымдастырылды.
Іс - шараның басты міндеті – теміржолдағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға бағытталған корпоративтік шаралар жүйесін құру. Оқытудан Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелері, ҚТЖ департаменттерінің және еншілес кәсіпорындардың басшылары өтті.
Спикер ретінде ICA халықаралық комплаенс қауымдастығының вице-президенті Тим Тайлер шақырылды. Спикер парақорлыққа қарсы тәуекелдерді басқарудың озық тәжірибесін, стратегиялық жоспарлау мен корпоративтік басқарудың соңғы жаһандық және аймақтық тенденцияларын ұсынды.