Ақтау теңіз порты дамудың тұжырымдамалық бағыттарын анықтады

Жаңалықтар
26.12.2023, 11:51
Александр Жабчук

Қазіргі уақытта Ақтау порты жылына 70 мың жиырма футтық контейнерді (ЖФЭ) қайта өңдеуге қабілетті. Бұл экспорттаушылардың, импорттаушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға және транзиттік жүк ағынына қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. 2025 жылы қайта тиеу техникасы паркін жаңартқаннан кейін бұл көрсеткіш жылына 100 мың ЖФЭ-ге дейін өседі деп күтілуде.

Транскаспий халықаралық көлік маршрутын (ТХКМ), «Солтүстік – Оңтүстік» дәлізін және басқа да бағыттарды дамыту орта мерзімді перспективада Ақтау порты арқылы тасымалдау көлемін бес есеге арттыруы мүмкін.

Еуропалық Қайта Құру және Даму банкі болашақ көлемдерге жүргізген алдын ала бағалауынша, көлік және логистикалық қуат дамыған жағдайда, 2030 жылдан 2035 жылға дейінгі кезеңде Каспий торабындағы көлемдердің өсуі жылына кемінде 1 млн.ЖФЭ контейнерді құрайды.

Сондай-ақ, Дүниежүзілік Банктің бағалауынша, ТХКМ дәлізінің тартымдылығын арттыру үшін жоғары сапалы үйлестіру, логистика және цифрлық технологияларды, сондай-ақ орта мерзімді перспективада инвестицияларды енгізу арқасында тиімділіктің үйлесімі қажет.

Бұл шараларды орындау 2030 жылға қарай тасымалдау көлемін үш есеге 11 млн тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Транзиттік жүктер көлемінің басым бөлігі Еуропа мен Қазақстан арасындағы, сондай-ақ Еуропа мен Қытай арасындағы саудаға тиесілі болады. Бұл ретте шамамен 4 млн тонна контейнерлік тасымалдарға болжамды сұранысқа байланысты болады.

Ақтау портының логистикалық қуаттарын дамытуға қатысуға Қытайдың «Lianyungang Port», «Shandong Port Group» порттары, «Сиань Құрғақ порты» және Үрімші қ., «Ренус» (ГФР), «Abu-Dhabi Ports» (БАӘ), «PSA International» (Сингапур), «Albayrak Group» (Түркия) логистикалық платформалары сияқты әлемдік көлік логистикасы нарығындағы ірі ойыншылар, сондай-ақ «Khave» (Иран) компаниясы өздерінің ауыстырып тиеу пункттерінің географиясын корпоративтік маршруттар желісі шеңберінде кеңейтуді қарастыра қызығушылық танытып отыр.

Республиканың көліктік-логистикалық кешенін дамытудың ағымдағы жай-күйін, сыртқы факторлары мен мүмкіндіктерін, стратегиялық басымдықтары мен міндеттерін алдын ала талдауды негізге ала отырып, Ақтау теңіз порты дамудың негізгі тұжырымдамалық бағыттарын айқындады:

1. Қолданыстағы порт қуаттарын жаңғырту және қайта құру.

2. Порттық аумақтар есебінен порт инфрақұрылымын кезең-кезеңімен кеңейту.

3. Теңіз портына кірме темір жол және автомобиль жолдарын дамытудағы диспропорцияларды жою.

Ақтау портын жаңғырту мен дамытудың барлық кезеңдерін іске асыру отандық және шетелдік инвесторлардың басқаруымен off-dock терминалдарының (порт аймағының артқы жағындағы терминалдар) дамыған инфрақұрылымдық желісін құруға мүмкіндік береді және теңіз айлағының өткізу қабілетін жылына 960 мың ЖФЭ-ге дейін жеткізеді.

 

Әлемде
13.08.2026
Қытай теңіз бағыттары үшін контейнерлерді екі қабатпен таситын алғашқы пойызды іске қосты
Жаңалықтар
13.08.2026
Теміржол өткелінде көлік істен шығып, жүк пойызы шұғыл тоқтауға мәжбүр болды
Аймақтар
13.08.2026
Абай облысында 8 теміржол вокзалы жаңғыртылуда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан жүк тасымалы көлемін арттыру шараларын пысықтауда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты дамытуда
Аймақтар
12.08.2026
Түлкібас теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлемде
12.08.2026
Бавария алғашқы сутекті пойызын желтоқсанда іске қосады
Жаңалықтар
12.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы локомотив және жолаушылар паркімен танысты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Спартакиадада тарихи жеңіске жеткен спортшылар командасын құттықтады
Жаңалықтар
11.08.2026
Үкіметте теміржол вокзалдарын жаңғырту мәселелері талқыланды
Инфрақұрылым
11.08.2026
ҚТЖ-да инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында ауқымды жұмыс атқарылуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Маңғыстауда рейдтік іс-шаралар жалғасуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Қауіпсіз өткел: Шымкент жол дистанциясында профилактикалық акция өтті
Аймақтар
11.08.2026
Ақтөбе өңірінде жүк тасымалы артты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ құрамасы – үш дүркін чемпион!
Аймақтар
11.08.2026
Абай мұрасы ұлықталды
Жаңалықтар
11.08.2026
Құрметті демалысқа шығарып салды
Жаңалықтар / Мұрағат
11.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №63 11 тамыз 2026 жыл
Спорт
10.08.2026
Нұржан Сағидоллинов армрестлингтен күміс медаль жеңіп алды
Спорт
10.08.2026
Алла Штрошерер ҚТЖ құрамасының қоржынына қола медаль салды