«Жолаушылар тасымалы» АҚ қала маңындағы бағыттар бойынша қосымша пойыздар іске қосады

Жаңалықтар
01.01.2024, 21:13
Оқуға 2 мин

Ұлттық тасымалдаушы 2 қаңтарға Көкшетау, Бурабай, Атбасар, Павлодар курорты бағыттары бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты автокөлік қозғалысына шектеулер енгізілгендіктен азаматтарды тасымалдау үшін 4 қосымша қала маңындағы бағыттар бойынша пойыз жүргізеді.

Биылғы жылдың 2 қаңтарында қосымша келесі қала маңындағы пойыздар тағайындалды:

 Астанадан Атбасарға сағат 8:38-де №6803/6804 «Астана-Атбасар» электр пойызы жөнелтіледі. Жолаушыларға 274 орын ұсыну көзделген. Кері бағытта пойыз сол күні Атбасардан сағат 14:40-та жүреді.

- Астанадан Көкшетауға сағат 17:00-де №6805/6806 «Астана-Бурабай-Көкшетау» бағытындағы электр пойызы (376 орындық) жүреді. Кері бағытта пойыз Көкшетаудан сағат 22.35-те жөнелтіледі.

- Павлодардан Астанаға сағат 11:57-де №7509 «Павлодар-Астана» бағытындағы электр пойызы жолға шығады.(376 орын). Электр пойыз Астанаға сағат 14:49-да келеді.

- Бурабай курорты станциясына дейін №7553/7556 «Қарағанды-Астана» бағытындағы электр пойызының қозғалысы ұзартылады (атауы №6811/6812 «Астана-Бурабай курорты»). Ол Астанадан сағат 10:10-да жөнелтіледі, жолаушыларға 276 орын беріледі. Кері бағытта пойыз Бурабайдан сағат 14:48-де кетеді.

Биылғы жылдың 1 қаңтарында сағат 21:00-ден бастап қосымша қала маңындағы пойыздарға билеттерді сату ашылады.

Жалпы, жаңа жылдық мерекелерге - 2023 жылғы 26 желтоқсаннан 2024 жылғы 5 қаңтарға дейін Ұлттық тасымалдаушы қосымша пойыздар мен тіркеме вагондарды тағайындау есебінен 20 мың қосымша орын ұйымдастырды. Соңғы 2 күн ішінде 4 мыңнан астам жолаушы тасымалданды.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ вокзалдар мен пойыздар да жолаушылар ағынының күрт ұлғаюын ескере отырып, азаматтарға ауа райы жағдайларын елеп, өз сапарларын алдын ала жоспарлауды және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды.

Билеттерді bilet.railways.kz сайтынан және билет кассаларында сатып алуға болады.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты «1433»тегін нөмірі, «KTZH_PP_BOT» бот жеделхаттары, сондай-ақ «Жолаушылар тасымалы» АҚ @jolaushylar_tasymaly ресми Instagram-аккаунты арқылы алуға болады. 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті