Жамбылдық теміржолшыларға жаңа техника берілді

Жаңалықтар
29.02.2024, 11:35
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Күн демей, түн демей, аяз-боран, қара суыққа қарамай, аптапты да елемей жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін теміржолшылар енді діттеген жерге қиналмай жететін болды. Жамбыл магистральдық желі бөлімшесіне қарасты шаруашылықтарға жаңа автокөліктер берілуде.

– Жаңа автокөліктердің бәрі көп кешіктірмей беріледі. Өткен аптада түрлі қызметтерге арналған автокөліктердің алғашқы легінің кілтін тапсырдық. Арнайы мамандандырылған көліктердің артықшылықтары бар. Қыста жылы, жазда салқындатқыштары аптап ыстықты сездірмейді. Бұл қадам жұмысты сапалы, жедел атқаруға көп септігін тигізеді. Ең басты мәселе – теміржолшылардың еңбек етуі үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылып жатыр, – дейді Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің директоры Сұлтан Буромбаев.

Мәліметке сүйенсек, ШЧ-34 Сарышаған, ШЧ-35 Шу, ШЧ-36 Жамбыл белгі беру және байланыс дистанцияларына 5 жүк-жолаушылар автокөлігі, теміржолшы бригадаларына арналған 3 мамандандырылған көлік, 3 мамандандырылған жедел әрекет ету автокөлігі сатып алыныпты.

Ал ЭЧ-21 Жамбыл, ЭЧ-22 Шу, ЭЧ-23 Сарышаған электрмен жабдықтау дистанцияларына 6 жүк-жолаушылар автомобилі, 6 жол талғамайтын мамандандырылған жедел әрекет ету машинасы, 3 жеті орындық бригадаларға арналған жүк көліктерінің кілті тапсырылмақшы. Сондай-ақ ВП-35 Жамбыл станциясына, ВП-36 Шу станциясына бір-бірден бригадаға арналған мамандандырылған жүк көліктері беріледі. Тағы 5 жол дистанциясына вахталық мамандандырылған автобустар сатып алынған.

 

Спорт
08.08.2026
Спартакиада: Гүлжан Аманова шахматтан қола медаль иеленді
Спорт
08.08.2026
Алтынкөлдік теміржолшы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында шахматтан чемпион атанды
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ құрамасы арқан тартудан Спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
08.08.2026
«KTZ Express» өкілі Әнел Жеңісқызы XI Спартакиадада екінші орын иеленді
Спорт
08.08.2026
Теміржолшылар қоржынында – кезекті күміс медаль
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» Спартакиадасы: ҚТЖ аруы жүзуден күміс жүлде иеленді
Спорт
08.08.2026
XI Спартакиадада ҚТЖ қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» XI Спартакиадасында жүзуден ҚТЖ еншісіне тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ «Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында тағы бір алтын медаль жеңіп алды
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында ҚТЖ алғашқы алтын медалді еншіледі
Аймақтар
07.08.2026
Арқалықта жаңғыртудан кейін теміржол вокзалы ашылып, жаңа жолаушылар пойызы іске қосылды
Жаңалықтар
07.08.2026
«Нұрлы жол» вокзалында санитарлық үй-жайлар жаңартылуда
Аймақтар
07.08.2026
Кәсіби шыңдалу мектебі
Аймақтар
07.08.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбедегі вокзалдың құрылысын тексерді
Аймақтар
07.08.2026
Екпінді станциясында 800 метр жол жаңарды
Жаңалықтар
07.08.2026
Астана – 1 вокзалы заманауи, қауіпсіз және жайлы болады
Аймақтар
07.08.2026
Күзет қызметінің қырандары
Қауіпсіздік
07.08.2026
Қауіпсіздік талаптарын сақтау – міндет
Аймақтар
07.08.2026
Алпыс жылдық абыройлы жол
Жаңалықтар
07.08.2026
Кәсіподақ белсенділері марапатталды