Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды

Әлемде
08.10.2026, 14:37
Оқуға 2 мин
Сурет: Systra

Француздың Alstom компаниясы Вьетнамда метро пойыздарын өндіруді жергіліктендірмек. Бұл жөніндегі келісім француз өндірушісі мен Ханой метрополитенінің бас мердігері, Vingroup құрамындағы Vinhomes компаниясы арасында жасалды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Келісімге сәйкес, Вьетнам астанасы үшін Metropolis платформасында жасалған бес вагонды 200 метро пойызы шығарылады.

Жобаның алғашқы кезеңінде Alstom 83 пойызды Франциядағы Валансьен-Петит-Форе зауытында өндіреді. Ал екінші кезеңде Vingroup компаниясы Alstom лицензиясы бойынша тағы 117 құрамды Вьетнамда шығармақ.

Alstom жергілікті өндіріске қажетті технологияларды, инженерлік-техникалық сараптаманы, өндірістік жабдықтарды және негізгі компоненттерді ұсынады.

Жаңа пойыздардың корпусы алюминийден жасалады. Олар рекуперативті және дискілі тежеу жүйелерімен жабдықталады. Сонымен қатар құрамдар GoA4 деңгейіндегі толық автоматты, машинистсіз режимде жұмыс істейді.

Бұл әріптестік Ханойда қалалық рельсті көлік желісін жедел кеңейту жоспарымен тұспа-тұс келіп отыр. Қаланың бас жоспарына сәйкес, 2045 жылға қарай Ханойда жалпы ұзындығы 979 шақырым болатын 18 метро желісін қалыптастыру көзделген.

Қазір Ханойда екі метро желісі жұмыс істейді. Солардың біріне Alstom бұған дейін 10 төрт вагонды пойыз жеткізген. Компания сонымен қатар аталған желіге сигнал беру және электрмен жабдықтау жүйелерін орнатқан.

Vingroup жаңа пойыздар қай өндірістік алаңда құрастырылатынын әзірге жариялаған жоқ.

Айта кетейік, Вьетнам билігі қаңтар айында елдің ұлттық теміржол операторы VNR-ға жылжымалы құрам шығаратын ірі өндірістік кешен салуды тапсырған. Ол үшін Ханой маңынан 250 гектар жер бөлінген.

Вьетнамда теміржол техникасын өндіруді жергіліктендіруге оңтүстіккореялық Hyundai Rotem де ниетті. Компания биыл жергілікті THACO кәсіпорнымен жылжымалы құрам шығаратын өндіріс орнын салу және технологияларды беру жөнінде келісім жасаған.

 

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды