Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты

Аймақтар
08.10.2026, 13:18
Оқуға 2 мин
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жамбыл магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Талас станциясының ұжымы салада ұзақ жыл адал еңбек еткен станция кезекшісі Әлімжан Бақбердиевті құрметпен зейнет демалысына шығарып салды.

 Бөлімше директорының орынбасары Нұрлан Байзақов, кәсіподақ ұйымының төрағасы Данияр Меңдыбаев, «Тараз-Түрксіб» учаскесінің бастығы Жәнібек Жанысбеков салтанатты іс-шараға арнайы келіп, салада ұзақ жыл еңбек еткен тәжірибелі маманды құттықтап, иығына шапан жауып, құрмет көрсетті. 

– «Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі» филиалы басшылығының атынан аймақ темір жолының дамуына өлшеусіз үлес қосқан 42 жылдық адал еңбегіңізге алғыс білдіремін. Әріптестеріңіздің көрсетіп жатқан құрметі – сіздің кәсібилігіңіз бен табандылығыңызға берілген шынайы баға, – деген Нұрлан Дастанұлы Әлімжан Әбдуалыұлына филиал директорының арнайы Құттықтау хатын тапсырды.  

Темір жолдағы еңбек жолын 1984 жылы Бурыл станциясында бастаған Әлімжан Бақбердиев станция кезекшісі, кейіннен сұрыптау дөңесінің кезекшісі болып 10 жыл жұмыс істеп, «Мамандығы бойынша үздік» белгісімен марапатталған. Содан кейін алты жыл аймақтағы ең ірі кластан тыс Тараз станциясында парк кезекшісі болып тәжірибесін шыңдаған маман Талас станциясына 2000 жылы ауысып келіпті.  

– Туған жерім – Байзақ ауданындағы Ақшолақ станциясы. Шойын жолдың бойында, теміржолшылар әулетінде өскен жастың таңдауы басқа болуы мүмкін бе? Бұрынғы Алматы теміржол техникумын тәмамдап, 42 жыл бойы осы салада еңбек еттім. Көпбалалы отбасындағы жеті қыздан басқа үш ұл түгелдей әке жолын жалғадық, – дейді ол.

Еңбек жолын станция кезекшісі болып бастап, осы қызметтен зейнетке шыққан маман бірнеше рет компания басшысының Құрмет грамотасы мен Алғыс хатымен марапатталған.  

– Станция кезекшісінің жұмысын жетік білетін маман. Алдыңғы екі ұжымды айтпағанда, Талас станциясының өзінде табан аудармай 26 жыл еңбек етті. Тұрақтылық пен табандылық – теміржолшыға керек қасиеттер. Екеуі де Әлімжан Әбдуалыұлының бойында бар. Сонысымен әріптестеріне үлгі болып, үздік атанып келеді, – дейді Талас станциясының бастығы Тілектес Байдаулетов.

Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады