Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде

Жаңалықтар
09.10.2026, 09:15
Оқуға 2 мин
Меруерт Өмірзақова

«Қазақстандық салалық теміржол көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» ҚБ – көлік саласы қызметкерлерінің еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғайтын Қазақстандағы ірі қоғамдық бірлестік.

«Қазтеміржолкәсіп» қоғамдық бірлестігі Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының тең құқықты мүшесі болып табылады. Өз жұмысын Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Заңдарына, халықаралық құқықтың жалпы қабылданған нормаларына және Кәсіподақ Жарғысына сәйкес жүргізетін Сала Кәсіподағы жұмыс берушілермен өзара қарым-қатынаста көлік қызметкерлерінің мүдделерін білдіреді, еңбек жағдайларының, өндірістегі қауіпсіздіктің сақталуын қадағалайды және әлеуметтік мәселелерді шешуге қатысады.  

Бүгінде «Қазтеміржолкәсіп» қоғамдық бірлестігі 12 филиалды, 15 жергілікті кәсіподақты және 300-ден астам бастауыш кәсіподақ ұйымдарын біріктіреді. ҚТЖ мен оның филиалдары қызметкерлерінің 90%-ға жуығы кәсіподақ мүшелері болып табылады.  

Теміржол саласында еңбек ететін жұмысшы қызметкерлердің әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін білдіру және қорғау бағытында Сала кәсіподағының жетістігі аз емес. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының зерттеуі бойынша 2025 жылы Кәсіподаққа жүгінген 87,8% жұмысшы-қызметкерлердің мәселесі оң шешімін тапқан.  

Жыл сайын Кәсiподақ есептi жылдың соңында Жұмыс берушiге жалақыны болжамды инфляциядан жоғары деңгейге индексациялау қажеттiгi туралы ұсыныс жасайды, Жұмыс берушi қаржылық мүмкiндiктерiне қарай жалақыны көтеру мөлшерiн айқындайды. 2021 жылдан бастап 2025 жылға дейін Кәсіподақтың тікелей қатысуымен Компания жалақыны арттыру бойынша орасан зор жұмыс жүргізді, индексациялау жыл сайын жүргізілді, ал 2021-2022-2023 жылдары бірнеше рет жүргізілді, нәтижесінде қазіргі уақытта Компания қызметкерлерінің орташа жалақысының мөлшері Қазақстан Республикасы бойынша орташа жалақыдан жоғары.  

Кәсіподақ ҚТЖ-мен әлеуметтік әріптестік шеңберінде өзара тығыз байланыста жұмыс істейді. Жұмыс берушінің ұсыныстары кәсіподақ мүшесі болып табылатын жұмысшы-қызметкерлердің мүдделеріне сай болуы үшін әрекет ету – Сала Кәсіподағының басты ұстанымы.  

 

Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды