ҚТЖ мен Түркістан облысының әкімдігі меморандумға қол қойды

Жаңалықтар
20.03.2024, 15:25

"ҚТЖ" ҰК" АҚ мен Түркістан облысы әкімдігінің басшылығы Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісін салу мәселелерін талқылады.

Дарбаза - Мақтаарал теміржол желісін салу жөніндегі инфрақұрылымдық жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылуда және Қазақстанның көлік әлеуетін дамытуға бағытталған.

Бұдан басқа, жоба Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына, өңірдің шағын және орта бизнесін ынталандыруға ықпал ететін болады. Теміржол салу кезінде жергілікті өндірушілердің материалдарын пайдалану жоспарлануда. Құрылыс кезеңінде 3400 жұмыс орны және пайдалану кезінде 500 астам жұмыс орны құрылады.

Жобаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспар бойынша жүріп жатқаны атап өтілді. Қазіргі уақытта жобалаушылар топогеодезиялық, гидрологиялық және археологиялық жұмыстарды аяқтады. Жер төсемдерін толтыру үшін карьерлер салу және  жол құрылысына жерлерді резервтеу бойынша қажетті рәсімдер жүргізілуде.

Тараптар жобаны жүзеге асыру үшін барлық қажетті шараларды уақтылы орындаудың маңыздылығын атап өтті. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Түркістан облысында ҚТЖ инфрақұрылымдық жобасын іске асыруға толық көмек көрсетілетініне сендірді.

Кеңес қорытындысы "ҚТЖ" ҰК" АҚ мен Түркістан облысы әкімдігі арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюмен бекітілді.

Бүгінгі таңда ҚТЖ жалпы ұзындығы 1334 км жаңа теміржол желілерін салу бойынша 4 инфрақұрылымдық жобаны іске асыруда.

 

Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады