ҚТЖ Қызылорда — Семей бағыты бойынша жаңа вагондарды іске қосты (Фото)

Жаңалықтар
09.04.2024, 16:30
Оқуға 2 мин
Фото Александра Жабчука

2024 жылғы 9 сәуірде «Жолаушылар тасымалы» АҚ №21/22 «Қызылорда — Семей» жолаушылар пойызы құрамында жаңа вагондарды іске қосты, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Маршрут бойынша 44 жолаушылар вагоны жүретін болады, оның ішінде 29 купе және 15 плацкарт, осылайша осы бағыт бойынша пойыздар 100% жаңартылады. Жолаушылардың жайлылығын қамтамасыз ету үшін вагондар ауаны баптау жүйесімен, ауаны тазарту сүзгілерімен, түтін датчиктерімен, биодәретханалармен, сондай-ақ тамбурлардағы бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Купеде электр розеткалары мен USB қосқыштары бар. Вагондарды құрастыру кезінде қолданылатын барлық материалдар мен компоненттер халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келеді.

«Біз Ұлттық тасымалдаушының вагон паркін жаңарту бойынша жұмысты жалғастырудамыз. №21/22 «Қызылорда — Семей» пойызы күн сайын жүретін болады. Жолаушылар құрамы бір бағытта орта есеппен 528 жолаушыны тасымалдай алады», - деп атап өтті «Жолаушылар тасымалы» АҚ Басқарма төрағасы Жәнібек Тайжанов.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы Ұлттық тасымалдаушы 150 жаңа вагон жеткізуге келісімшартқа қол қойды, оның 88-і вагон паркін толықтырды. Олар  Алматы-Манғыстау, Алматы-Атырау, Атырау-Манғыстау, Ақтөбе-Атырау, Павлодар-Түркестан, Манғыстау-Астрахань, Атырау-Астрахань, Қызылорда-Семей бағыттары бойынша жүріп жатыр. Бұл өзгерістер вагондардың жайлылығына, қызметіне және ыңғайлылығына қанағаттанған жолаушылардан оң баға алды.

 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Қызылорда — Семей және Алматы – Сарыағаш бағыттарында пайдаланылатын тағы 12 вагон жеткізіледі деп күтілуде. Биыл мемлекеттік органдармен тағы 157 жолаушылар вагонын сатып алу бойынша жобаны қаржыландыру мәселесін пысықтау жоспарлануда.  

Сонымен қатар, 2022 жылы 2025 жылдан 2030 жылға дейін Stadler технологиясының 537 жолаушылар вагонын сатып алуға шарт жасалды.

2030 жылы жоспарланған барлық іс-шараларды ескере отырып, вагондардың орташа қолданыстағы жылы 18-ден 13 жылға дейін төмендейді.

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті