ҚТЖ өкілдері ТЖЫҰ басқарушы органының отырысына қатысты

Жаңалықтар
19.04.2024, 15:39
Оқуға 2 мин

Темір жол ынтымақтастығы ұйымы (ТЖЫҰ) Бас директорлары (жауапты өкілдері) конференциясының XVIII отырысы Ашхабад қаласында (Түрікменстан) өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Оған Әзірбайжан, Беларусь, Венгрия, Вьетнам, Грузия, Қазақстан, Қытай, КХДР, Корея Республикасы, Қырғызстан, Моңғолия, Польша, Ресей, Словакия, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Чехия және Эстония теміржолдарының, сондай-ақ қосылған кәсіпорындар мен ТЖЫҰ комитетінің өкілдері қатысты.

ҚТЖ делегациясын ҚР Көлік министрлігінің ТЖЫҰ комитетіндегі өкілі, ҚР ТЖЫҰ комитетінің мүшесі Зубайда Аспаева бастап барды.

Отырыста Зубайда Аспаева 2023 жылғы ТЖЫҰ жүк тасымалы жөніндегі комиссиясының және ТЖЫҰ қаржылық пен есеп айырысу мәселелері жөніндегі  тұрақты жұмыс тобының жұмыс нәтижелерінің есептері, халықаралық жолаушылар мен жүк тасымалы үшін өзара есеп айырысу барысы, ТЖЫҰ-ға мүше елдер темір жолдары арасындағы берешекті өтеу тетігі туралы сөз сөйледі.

Қатысушылар жолаушылар мен жүк тасымалдарын ұйымдастыруды одан әрі жетілдіруге, теміржол көлігінде кодтау мен информатикаға, қаржылық және есеп айырысу мәселелеріне және т. б. байланысты өзара тиімді шешімдер қабылданған күн тәртібінің барлық тармақтарын қарады.

Сонымен қатар,  ТЖЫҰ-ның 2023 жылғы қызметінің есебі және 2025 жылға және одан кейінгі жылдарға арналған жұмыс бағдарламасы мақұлданды. ТЖЫҰ комитетінің Польша Республикасының астанасы – Варшава қаласында 2029 жылға дейінгі орны алдын ала келісілді.

Отырыста бірнеше көлік компанияларына ТЖЫҰ қосылған кәсіпорын мәртебесі берілді. Олардың қатарында "Қазақстандық жүк теміржол тасымалдаушыларының қауымдастығы" ЗТБ да бар.

Кездесу қорытындысы бойынша отырыс хаттамасына қол қойылып, Ашхабад декларациясы қабылданды.

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті