Қазақстан мен Латвия Транскаспий дәлізін дамыту туралы меморандумға қол қойды

Жаңалықтар
16.05.2024, 16:00
Оқуға 2 мин
Фото: Министерство транспорта Республики Казахстан

Көлік министрі Марат Қарабаев латвиялық әріптесі Каспарс Бришкенспен кездесті.  Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Латвиядағы көлік саласының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары туралы пікір алмасып, Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту туралы Меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

«Бүгінгі таңда Қазақстан мен Латвия көлік-транзиттік ынтымақтастықты белсенді дамытып жатыр. Ынтымақтастықтың маңызды аспектілерінің бірі – көлік мәселелері бойынша тұрақты негізде жұмыс істейтін бірлескен жұмыс тобы. Аталған топ жұмыс барысында теміржол, автомобиль, әуе көлігі, транзит және логистика саласындағы көптеген маңызды сұрақты қамтиды», – деп атап өтті министрлік басшысы.

Министрдің айтуынша, бүгінде Транскаспий халықаралық көлік бағытының атқарып отырған рөлі ерекше. Өткен жылдың қорытындысы бойынша жүктерді тасымалдау көлемінің екі есе артуы осының бірден-бір дәлелі.

«Транскаспий халықаралық көлік бағытының әлеуетін арттыру мақсатында инфрақұрылымды және терминалдық қуаттарды жақсарту, порт қуаттарын кеңейту, жылжымалы құрамды ұлғайту, әкімшілік кедергілерді алып тастау және тасымалдаушылар үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл 2025 жылға қарай халықаралық көлік бағытының өткізу қабілетін жылына 10 млн тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді», – деді салалық министрліктің басшысы.  

Айта кетерлігі, бүгінгі таңда Латвия Австрия, Германия, Литва, Эстония және Венгриямен бірге ТМТМ-ге кіруге қызығушылық танытып отыр. Осы ретте халықаралық көлік бағытының халықаралық қауымдастығы шеңберінде Әзербайжан, Грузия және Түркиямен 2027 жылға дейінгі Жол картасына қол қойылды. Ресми сапар аясында осы жылдың 31 қаңтарында Румыниямен де меморандумға қол қойылған болатын.

Сөз кезегінде бейінді министрліктің басшысы латвиялық инвесторларды инфрақұрылымдық жобаларды бірлесіп іске асыруға шақырды.

«Біз транзиттік жүк ағындарының көлемін өзара ұлғайту, көлік маршруттарын белгілеу және дамыту, мультимодальды тасымалдау және логистикалық процестер саласындағы озық тәжірибелермен алмасу үшін көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға дайынбыз», – деп түйіндеді М.Қарабаев.

Сапар аясында қазақстандық делегация салынып жатқан Rail Baltica объектісіне мен Рига портына барды. Сонымен бірге жұмыс сапары аясында Марат Қарабаев Қазақстан-Латвия бизнес-форумында көлік саласындағы ынтымақтастық туралы баяндама жасап, Рига порты басқармасының басшылығымен және жергілікті бизнес өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізді.

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті