Атырау станциясына жаңа басшы тағайындалды

Жаңалықтар
20.05.2024, 12:07
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Жарты ғасырдан астам тарихы бар Атырау станциясына жаңа басшы тағайындалды. Станцияны көп жыл басқарған Алтай Көбегенов зейнетке шыққан соң бұл лауазым екі айдан аса уақыт бос тұрған еді.  

Жуырда комиссия шешімімен Бекжан Жиенбетов станция бастығы болып тағайындалды. 1988 жылы Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз станциясында дүниеге келген Бекжан Зайдоллаұлы еңбек жолын 2009 жылы Ақжайық станциясының пойыз қабылдаушысы болып бастаған. Әрі қарай сатылап өсіп қозғалыс саласының барлық баспалдақтарынан өткен: Махамбет станциясында пойыз құрастырушы, станция кезекшісі, кейін пойыз диспетчері, Атырау станциясының бас инженері лауазымдарын атқарды. Ол өз ісін жетік білетін жас мамандар қатарынан саналады. 2009 жылы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын тасымалдауды ұйымдастыру мамандығы бойынша күндізгі бөлімде оқып бітірген. «Кәсібі бойынша үздік», «Кәсіподаққа 25 жыл» төсбелгілерімен марапатталып, 2019-2021 жылдары ҚТЖ-ның «100 жас есім» қатарына енді. Қазақстан темір жолының КТЖ.кz командасында өнер көрсетіп, түрлі мәдени-көпшілік, спорттық шаралардың бел ортасында жүрген белсенді жастардың бірі. 2014 жылы «Ең үздік жас диспетчер» атағына ие болды. Атырау станциясы – ҚТЖ бойынша ең ірі және маңызды  станцияның бірі. Бірінші класты учаскелік станцияда 6 жолдан тұратын сұрыптау паркі, ұзындығы 1250 метр болатын 10 жол, аз қуаттағы дөңес бар. Жүк және қозғалыс цехтары да жұмыс жасайды. Бүгінгі күні станцияда 110 маман еңбек етеді.  

Сонымен қатар өңірдегі Махамбет станциясына Мансұр Кеңесов, Сағыз станциясына Серік Сұлтанов станция бастығы болып тағайындалды. Олар да  салада біраз жылдан бері еңбек етіп, тәжірибе жинақтап үлгерген, болашағынан үміт күттіретін жастар қатарынан.  

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда