Жолаушылар пойыздарында қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында биыл 140 жаңа жолаушылар вагонын жеткізу жоспарлануда. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 22 вагонға артық, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Көлік министрлігінің мәліметінше, жоспарланған көлемнің 50 бірлігі жеткізілді, бірінші жарты жылдықтың соңына дейін тағы 12 вагон жеткізіледі деп күтілуде. Бұл вагондар келесі бағыттар бойынша қызмет көрсетеді:

- Қызылорда - Семей

- Павлодар - Алматы

- Ақтөбе - Атырау

- Алматы - Сарыағаш

Ал, жыл соңына дейін келесі бағыттар бойынша вагондар жаңартылады:

- Павлодар - Түркістан

- Қарағанды - Самара

- Қарағанды - Омбы

- Қостанай - Алматы

Сондай-ақ, 20-ға жуық вагондардың жылжымалы құрамындағы моторлы вагондардың келуі күтілуде. Олар келесі бағыттар бойынша бөлінеді:

- Ерейментау - Астана

- Ерейментау - Көкшетау

- Теміртау - Ағадыр

Вагондар отандық өндірушіден алынған. Олар барлық заманауи талаптарға сай келеді. Ауаны баптау және бейнебақылау жүйесі, циркуляциялық ауаны залалсыздандыру құрылғылары, дәретханалар, мобильді құрылғыларды/гаджеттерді қайта қуаттауға арналған USB порттары және әр орынның жанында жеке жарықтандыру бар. Микротолқынды пештермен, тоңазытқыштармен, ауыз су диспенсерлерімен және қайнатқышпен жабдықталған.

Штабтық вагондарда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған купелер  бар.