14 бағыт бойынша билеттерді «Саяхатшы» дисконттық картасы арқылы жеңілдікпен сатып алуға болады

Жаңалықтар
20.05.2024, 17:11
Оқуға 2 мин

Жаз мезгілі демалыс күндерге толы болғандықтан Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларға жеңілдік карталарын пайдалануды ұсынады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

«Саяхатшы» жеңілдік картасы пойыздарда жиі жүретіндер жолаушылар үшін тиімді. Жеңілдік мөлшері жолаушыға соңғы 12 ай ішінде жасалған барлық сапарлар үшін есептеледі. 20% жеңілдік алу үшін жолаушылар пойыздарындағы сапарлардың жалпы құны 200 001 теңгеден жоғары, 15% - 150 001 теңгеден 200 000 теңгеге дейін, ал 10% - 100 000 теңгеден 150 000 теңгеге дейін болуы тиіс.  

Бұл карта арқылы келесі коммерциялық және әлеуметтік маңызы бар пойыздарға жеңілдікпен билет сатып алуға болады:

  • - №1/2 Алматы-Сарыағаш;
  • - №3/4 Астана-Алматы;
  • - №9/10 Астана-Алматы;
  • - №11/12 Алматы-Шымкент;
  • - №25/26 Алматы-Шымкент;
  • - №27/28 Алматы-Орал;
  • - №29/30 Алматы-Атырау;
  • - №31/32 Алматы-Павлодар;
  • - №41/42 Алматы-Атырау;
  • - №68/67 Астана-Өскемен;
  • - №71/72 Астана-Шымкент;
  • - №73/74 Алматы-Жезқазған;
  • - №86/85 Астана-Шымкент;
  • - №65/66 Астана-Жезқазған.

Карта тегін беріледі және оның жарамдылық мерзімі екі жыл. Оны теміржол вокзалдарындағы «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларында, сондай-ақ, bilet.railways.kz сайттындағы «Дисконттық карталар» бөлімінде көрсетілген өтінімді толтыру арқылы алуға болады.

Өтінім жібергеннен кейін дисконттық картаны теміржол вокзалдарындағы «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларынан алу қажет. Ол үшін жеке куәлікті, электрондық пошта мекенжайын және телефон нөмірін ұсыну қажет.  Билеттерді офлайн және онлайн сатып алу кезінде дисконттық картаны пайдалануға болады.  

Карта тек бір адамға рәсімделеді және оны бөгде адамдарға беруге тыйым салынады. Сондай-ақ, айырбастауға, қайтаруға және қалпына келтіруге болмайды.

Одан бөлек Ұлттық тасымалдаушы теміржол билеттерін сатып алу кезінде 25% жеңілдік алуға мүмкіндік беретін «Алтын», «Күміс» және «Жастар» дисконттық карталарының желісін ұсынады.

Жеңілдіктер туралы қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі және bilet.railways.kz сайты арқылы алуға болады.

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті