Жолаушылар пойызындағы багажды тасымалдау ережесі

Жаңалықтар
22.05.2024, 15:22
Оқуға 2 мин

Жүк багажын пойызбен тасымалдау ыңғайлы әрі жүктерді жеткізудің қауіпсіз әдісі болып есептеледі. Ыңғайлы саяхатты қамтамасыз ету үшін жолаушылар қол жүгінің белгіленген салмағы мен мөлшерін сақтауы керек. Осы ережелерді асып кеткен жағдайда, «Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларға багаж тасымалының арнайы қызметін пайдалануды ұсынады.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бұйрығына сәйкес жолаушылар пойыздарында қол жүгін тегін тасымалдау нормалары белгіленген. Атап айтқанда, «Тұлпар-Тальго» вагондарынан құрылған құрамдар үшін салмағы 25 килограмға дейін және өлшемдері 150 сантиметрден аспайтын багажды үш өлшем сомасында тегін тасымалдауға болады. Қалған вагондар үшін қол жүгінің рұқсат етілген салмағы 35 килограмға дейін, ал өлшемдері 200 сантиметрге болу керек.

Сондай-ақ, қол жүгін орналастыруға арналған орындарға сыйған жағдайда жолаушыларға балаларға арналған арба, байдаркаларды, моторсыз велосипедтерді тасымалдауға рұқсат етіледі. Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға өздерімен бірге жеке пайдалануға арналған техникалық көмекші құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдарын қосымша тегін алып жүруге болады.

Қол жүгін жолаушыларға арналған орындарда және олардың арасындағы өткелдерде, вагондардың дәліздері мен тамбурларында орналастыруға жол берілмейді.

Ережелерде көрсетілген нұсқаулардан асып кеткен жағдайда жолаушыларға багажды тасымалдау қызметін пайдалану ұсынылады. Артық қол жүгін немесе жүк-багажын тасымалдауды рәсімдеу үшін жолаушылар пойыз жөнелтілгенге дейін бір сағат бұрын теміржол вокзалында орналасқан багаж бөлімшесіне уақтылы жүгінуі қажет. Багаждың салмағы 10 кг-нан асуы керек.

Ұлттық тасымалдаушы мұндай қызметтерді №33/34 «Ақтөбе-Алматы», №41/42 «Алматы-Атырау», №77/78 «Алматы-Маңғышлақ», №691/692 «Ақтөбе-Атырау» және №9/10 «Алматы-Астана» бағытарында ұсынады. Артық багажды желсеріктер арқылы жіберу заңсыз әрекет екен және әкімшілік салдарға әкеліп соқтырадц.

Жүк багажын тасымалдаудың толық ережелерін 1433 тегін нөмірі және bilet.railways.kz сайтындағы «Жолаушылар» бөлімінде қол жетімді.

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті