Еуропалық комиссия мен Қазақстан Транскаспий дәлізін үйлестіру платформасын іске қосты

Жаңалықтар
12.06.2024, 12:38

Жаңа платформа Транскаспий көлік маршрутын Еуропаны Азиямен 15 күн немесе одан аз уақыт ішінде байланыстыратын мультимодальды және бәсекеге қабілетті бағытқа айналдыру мақсатында жұмыс істейді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Іс-шара Орталық Азия елдерінің және дәліз бойында орналасқан басқа елдердің, сондай-ақ халықаралық қаржы институттары мен Еуроодақ құрамына кірмейтін G7 елдерінің өкілдерінің қатысуымен өтті, деп жазды Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.

Көлік министрлігінің басшысы Марат Қарабаевтың айтуынша, көлік инфрақұрылымын дамыту және көлік байланыстарын күшейту өңірлердің экономикалық өсуі мен өркендеуі барысында маңызды рөл атқарады.

«Үйлестіру платформасының құрылуы бізге ортақ мақсаттарға жету үшін күшімізді біріктіруге, тәжірибе мен пікір алмасуға бірегей мүмкіндік береді. Бұл жұмысқа Әзербайжан, Армения, Грузия, сондай-ақ Түркиядан келген әріптестеріміз шақырылғанын атап өткім келеді. Бұл өз кезегінде Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту бойынша ірі және тұрақты мақсаттарды іске асыру аясында маңызды рөл атқарады», – деп атап өтті ведомство басшысы. Көлік саласына жауапты министр қатысушы елдер мен ұйымдардың өкілдеріне бірегей алаң құруға қатысып, қызығушылық танытқандары үшін әрі Еуропалық Одаққа көрсетілген қолдау мен Орталық Азия елдерін дамытуға бағытталған жұмысы үшін алғыс білдірді.

Сөз кезегінде Халықаралық серіктестік жөніндегі бас директораттың бірінші дәрежелі кеңесшісі Хенрик Хололей:

«Транскаспий халықаралық көлік маршруты үшін құрылған үйлестіру платформасы Орталық Азия мен Еуропаның арасын жақындатуға бағытталған ынтымақтастығымыз барысында алға жасалған елеулі қадам. Тұрақты көлік байланысы аймақтың экономикалық өсуін және оның Еуропамен байланысын нығайту үшін өте маңызды. Біз серіктестерімізге даму және қоршаған ортаны қорғау мақсаттарына қол жеткізуде қолдау көрсетуге ниеттіміз», – деді.

Еуропалық ұтқырлық және көлік комиссиясы Бас директорының орынбасары Майя Бакран: «Үйлестіру платформасы Транскаспий халықаралық көлік бағытын Еуропаны, Кавказды және Орталық Азияны байланыстыратын мультимодальды және заманауи бағытқа айналдыруға ықпал етеді. Әртүрлі мүдделі тараптардың үйлестіру әрекеттері аймақтың тұрақты экономикалық дамуына үлес қосады», деп өз ойын ортаға салды.

Тұтастай алғанда, платформа аталған дәліздің жұмысын ілгерілетуге және Орталық Азиядағы инфрақұрылым саласындағы басым жобаларды іске асыру жөніндегі күш-жігерді үйлестіруге ықпал ететін болады. Ол сондай-ақ теміржол, жол және порт инфрақұрылымына инвестицияларды ынталандырады және үйлестіреді.

Айта кетерлігі, Еуроодақ ұзақ уақыт бойы өңірдің сенімді серіктесі болып табылады, сәйкесінше инфрақұрылымды жақсартуға және экономикалық байланыстарды нығайтуға, тұрақты дамуды ілгерілетуге ықпал етеді. Жаңадан құрылған платформа шеңберінде бірлескен жұмыс тек көлік инфрақұрылымын жақсартуға ғана емес, сонымен қатар экономикалық байланыстарды айтарлықтай нығайтуға, көлік дәліздерінің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын арттыруға, сондай-ақ көлік секторында инновациялар мен озық технологияларды енгізуді жеделдетуге мүмкіндік береді деп күтілуде.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті