Бурабай курортына жолаушылар ағымы 30%-ға артты

Жаңалықтар
12.07.2024, 12:15
Оқуға 2 мин

Жазғы маусымның басталуымен Бурабай курортына пойызбен саяхаттау туристер мен жергілікті тұрғындар арасында бұрынғыдан да танымал бола түсті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Бурабайға маусым айында Ұлттық тасымалдаушының электр пойыздарымен 49 мыңнан астам адам тасымалданды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 30%-ға жоғары, былтыр теміржол қызметін шамамен 34 мың жолаушы пайдаланған.

Жолаушылардың ыңғайлылығы үшін биыл Ұлттық тасымалдаушы «Қарағанды-Астана-Бурабай курорты» бағыты бойынша жоғары жылдамдықты №6811/6812 «Астана-Бурабай курорты» учаскесіндегі электр пойызының жүру уақытын 2,5 сағатқа дейін қысқартты. Электр пойызы аптасына бес рет: дүйсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі және жексенбі күндері жүреді.

Сонымен қатар, жазғы кезеңде №7509/7510 «Павлодар-Астана» жоғары жылдамдықты электр пойызының бағыты Көкшетау мен Бурабай курортына дейін ұзартылды (пойыз №6805/6806). Пойыз аптасына екі рет: жұма және жексенбі күндері жүреді.

Бұл шаралар Бурабай курортына жолаушылар ағымының артуына ықпал етті. Биыл Бурабайға теміржол көлігімен 125 мың жолаушы тасымалдау жоспарлануда.

Сондай-ақ, Бурабайға күнделікті №6829/6830 «Астана-Көкшетау» жүреді. Одан бөлек Астана-1 станциясынан №7553/7556, №6811/6812 «Қарағанды-Астана-Бурабай курорты» пойыздары және Нұрлы жол вокзалынан №7507/7508 «Астана-Көкшетау» пойызы қатынайды.

Жолаушыларға қолжетімді болу үшін электр пойыздарының билет құны 2 271 теңгеден 2 943 теңге аралығын құрайды. Билеттерді bilet.railways.kz сайтында және теміржол вокзалдарындағы «Жолаушылар тасымалы» АҚ кассаларында 10 күннен 1 күнге дейін сатып алуға болады.

 

Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді