Құрық теңіз порты мен Транскаспий халықаралық көлік бағытын байланыстыратын жол күрделі жөндеуден өтті

Жаңалықтар
24.07.2024, 14:07

Маңғыстау облысында Құрық ауылын Жетібай ауылымен жалғап, жалпы ұзындығы 64 шақырым болатын республикалық маңызы бар жолдың күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуда, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Құрық теңіз портына апаратын "Құрық-Жетібай" жолы еліміз үшін өте маңызды көлік бағыты Транскаспий халықаралық дәлізіне шығуға мүмкіндік береді. Жол пайдалануға берілгеннен кейін барлық транзит жүктер Құрық портына тікелей барады. Егер бұрын тасымалдаушылар Ақтау қаласының ішімен жүруге мәжбүр болса, енді теңіз айлағына Жетібай ауылы арқылы тікелей бара бермек. Бұл уақыт үнемдейді.

"Жол 50 жыл бойы жөндеуді қажет етті. Қазір күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Құрылыс барысында отандық материалдар қолданылды. Күре жол пайдалануға берілгеннен кейін Транскаспий халықаралық транзиттік дәлізіне еліміздің аумағы бойынша шығу уақыты 2 сағатқа қысқарады", - деп атап өтті Көлік министрі Марат Қарабаев.

Күрделі жөндеу жұмыстары аясында мамандар теміржол арқылы өтетін өткел, үш мал айдау өткелін, жолды уақтылы күтіп-ұстауға мүмкіндік беретін база мен 18 су өткізу құбырын орнатты.

 

Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады
Қауіпсіздік
14.08.2026
Сексеуіл мен Аралда ауқымды рейд өтті