Тараз станциясында өндірістік емес жарақаттанудың алдын алу бойынша бірлескен рейд өтті

Жаңалықтар
14.08.2024, 12:45

Жамбылдық теміржолшылар мен желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Тараз станциясында өндірістік емес жарақаттанудың алдын алу бойынша бірлескен рейд жүргізді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Іс - шараны өткізу орны ретінде қаланың Абай өткелі мен Залинейный (қала аумағының бір бөлігінің бейресми атауы) аудандары таңдалды, онда жаяу жүргіншілер көпір мен өткелдің болуына қарамастан, денсаулығы мен өміріне қауіп төндіріп, темір жолдарды рұқсат етілмейді жерлерде  кесіп өтуді жалғастыруда.

Рейд бастамашылары жолдарды рельстермен жүріп кесіп өтетін бұзушылармен профилактикалық әңгіме жүргізіп, теміржолдың қауіптілігі жоғары аймақ екенін және мұқият және қырағы болу керектігін еске салатын ақпараттық парақшалар табыс етті.  

Жамбыл жүк тасымалы бөлімінің бас инженері Дүйсенбек Сыдықовтың айтуынша, мұндай рейдтер үнемі өтіп тұрады. Сондай-ақ, теміржолшылар қалалық мектептерде қауіпсіздік сабақтарын, көлік жүргізушілерімен жол жүру ережелерін сақтау маңызды екендігі туралы профилактикалық әңгімелер өткізеді.  

 "Қала тұрғындарын теміржол инфрақұрылымы нысандарының жанында өте қырағы болуға шақырамыз, асығыстық пен тәртіпсіздік қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін", - деді ол.

Тараз станциясы желілік полиция бөлімі бастығының орынбасары Мақсат Дүйсембаев темір жолдарды рұқсат етілмеген жерден кесіп өткені үшін бірінші рет ескерту, содан кейін айыппұл қарастырылғанын еске салды. 

ҚТЖ-да темір жолындағы жазатайым оқиғалардың алдын алуға көп көңіл бөлінеді. Теміржолшылар профилактикалық жұмысты еліміздің барлық өңірлерінде жүргізіп келеді.  

 

Спорт
08.08.2026
Спартакиада: Гүлжан Аманова шахматтан қола медаль иеленді
Спорт
08.08.2026
Алтынкөлдік теміржолшы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында шахматтан чемпион атанды
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ құрамасы арқан тартудан Спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
08.08.2026
«KTZ Express» өкілі Әнел Жеңісқызы XI Спартакиадада екінші орын иеленді
Спорт
08.08.2026
Теміржолшылар қоржынында – кезекті күміс медаль
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» Спартакиадасы: ҚТЖ аруы жүзуден күміс жүлде иеленді
Спорт
08.08.2026
XI Спартакиадада ҚТЖ қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» XI Спартакиадасында жүзуден ҚТЖ еншісіне тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ «Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында тағы бір алтын медаль жеңіп алды
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында ҚТЖ алғашқы алтын медалді еншіледі
Аймақтар
07.08.2026
Арқалықта жаңғыртудан кейін теміржол вокзалы ашылып, жаңа жолаушылар пойызы іске қосылды
Жаңалықтар
07.08.2026
«Нұрлы жол» вокзалында санитарлық үй-жайлар жаңартылуда
Аймақтар
07.08.2026
Кәсіби шыңдалу мектебі
Аймақтар
07.08.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбедегі вокзалдың құрылысын тексерді
Аймақтар
07.08.2026
Екпінді станциясында 800 метр жол жаңарды
Жаңалықтар
07.08.2026
Астана – 1 вокзалы заманауи, қауіпсіз және жайлы болады
Аймақтар
07.08.2026
Күзет қызметінің қырандары
Қауіпсіздік
07.08.2026
Қауіпсіздік талаптарын сақтау – міндет
Аймақтар
07.08.2026
Алпыс жылдық абыройлы жол
Жаңалықтар
07.08.2026
Кәсіподақ белсенділері марапатталды