Көлік министрі Маңғыстау облысындағы теңіз порттарын тексерді

Жаңалықтар
19.08.2024, 10:37
Оқуға 2 мин
Фото: Министерство транспорта Республики Казахстан

Көлік министрі Марат Қарабаев Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында Каспийдегі ірі көлік инфрақұрылымының әлеуетін бағамдады. Министр Ақтау, Құрық, Баутино теңіз порттары мен Саржа, Ерсай, Ақтау Солтүстік теңіз терминалдарының жұмысын тексерді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Теңіз инфрақұрылымын дамыту аясында қосымша контейнерлік терминалдар салу, қайта тиеу техникасын жаңарту, логистиканы дамыту, кедендік және әкімшілік рәсімдерді оңайлату, сондай-ақ ТХКБ және Солтүстік-Оңтүстік дәліздерін цифрландыру жұмыстары атқарылуда. Жалпы, осы жұмысты іске асыру қорытындысы бойынша 2030 жылға қарай қазақстандық порттардың өткізу қабілетін ағымдағы 21 млн тоннадан 30 млн тоннаға дейін ұлғайту жоспарлануда. Аталған жұмыстар Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту шеңберінде қабылданатын кешенді шаралардың бір бөлігі болып табылады және осы маршрутта жүктерді тасымалдау бойынша өсіп келе жатқан қажеттіліктерге қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.         

Мәселен, Құрық порты акваториясының түбін тереңдету жұмыстары жүріп жатыр. Мамандар порт түбін бір жарым-екі метрге тереңдетеді.Жұмыстарға ірі еуропалық Jan De Nul компаниясының арнайы техникасы жұмылдырылды. Дәл осындай жұмыстар Ақтау портында да жүргізіледі. 

Жұмыс сапары барысында министр Баутино теңіз портының акваториясындағы кемелер қозғалысын басқару жүйесінің жұмысымен де танысты. Бұл жүйе навигациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және теңізде авариялық жағдайлардың туындау қаупін алдын алады. Жүйе биылғы жылдың тамыз айында Құрық теңіз портының акваториясында іске қосылды. Ал келесі 2025 жылы Ақтау портында да дәл осындай жүйе іске қосылады деп жоспарлануда.

Бұл шараларды іске асыру СОЛАС-74 халықаралық конвенциясының талаптарына сәйкес Каспий теңізінің Қазақстандық секторында навигациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша жүктерді тасымалдау көлемі 7 айда 62% - ға ұлғайып, 2,5 млн. тоннаны құрады (2023 жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 1,6 млн.тоннаға тең болды).

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті