ҚТЖ еншілес кәсіпорны – «Кедентранссервис» АҚ Баотоу қ. (ҚХР) -Чукурсай станциясы (Өзбекстан) бағыты бойынша Norinco International Cooperation Ltd компаниясы шығарған 25 метрлік рельстерді транзиттік тасымалдауды жүзеге асыруда, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Алтынкөл станциясы терминалында 2145 тонна көлемінде рельстікжүк тиелді. Жыл соңына дейін шамамен 11 мың тонна жөнелту көзделген.
Ұзын көлемді жүкті тасымалдауды және қайта тиеуді ұйымдастырудың техникалық процесі тиеу/бекіту схемасымен бекітілген техникалық нормаларға сәйкес, сондай-ақ механикалық зақымдануды болдырмау мақсатында арнайы жабдықты (траверсті) қолдана отырып қатаң түрде жүзеге асырылады.