Желілік деңгейде олимпиада өтті

Жаңалықтар
17.09.2024, 10:33
Суретті түсірген автор
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жуырда Магистральдық желі дирекциясының Еңбекті қорғау және қауіпсіздік, экология және өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменті желілік деңгейде олимпиада өткізді. Еңбек қорғау жылы аясында өткен шара денсаулықты қорғау, еңбек қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету бойынша онлайн форматта ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – қызметкерлерді денсаулықты, еңбек қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғауға ынталандыру, кәсіби құзыреттілік пен шығармашылық әлеуеттің сапасын арттыру болатын. Сондай-ақ бұл шара қыркүйек айының соңғы жексенбісінде атап өтілетін Еңбек күні мерекесіне де орайластырылды.  

Желілік деңгейдегі олимпиадаға өңірлік деңгейде іріктелініп алынған Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Семей, Алматы, Жамбыл, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау магистральдық желі бөлімшелері мен Илецк теміржол учаскелерінен барлығы 25 адам қатысып, оның ішінде салалық денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша 18 адам, қоршаған ортаны қорғау бойынша 7 адам өзара бақ сынасты. Олардың жұмысын Дирекция басшылары мен кәсіподақ төрағасынан құралған қазылар алқасы бағалады.  

Олимпиада 3 турдан тұрды. Бірінші турда қатысушылар тестік тапсырмаларды орындады, екінші турда ситуациялық жағдайлардан шешім тауып, үшіншісінде блиц-сауалнамаға жауап берді. Қорытындысы бойынша жоғары ұпай жинаған қатысушылар жүлделі орындарға ие болды.  

Таратып айтсақ, Денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Алматы магистральдық желі бөлімшесі филиалының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология секторының меңгерушісі Аханова Несіпкүл Әділбекқызы – 1-орынды, Алматы магистральдық желі бөлімшесі филиалы Ақтоғай темір жол дистанциясы еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология қызметінің еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жетекші инженері Нұрмұхаметов Берік Қабылқаұлы – 2-орынды, Қостанай магистральдық желі бөлімшесінің еңбек қорғау және қауіпсіздік, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология секторының жетекші инженері Қабдуғалиева Ляззат Төлегенқызы 3-орынды иеленді.  

Қоршаған ортаны қорғау туры бойынша сайыста 1-орын мінберінен Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Маңғыстау электрмен жабдықтау дистанциясының еңбекті қорғау және қауіпсіздік, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология қызметінің жетекші инженері Ибрашева Жанар Дарменқызы көрінді. Екінші орын Алматы магистральдық желі бөлімшесінің еңбек қорғау және қауіпсіздік, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология қызметінің жетекші инженер-экологы Қосымбаева Зару Аманбайқызына бұйырды. Ал 3-орынды Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің еңбекті қорғау және қауіпсіздік, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология қызметінің жетекші инженері Есіркепов Жандос Қуатбекұлы иеленді.  

Жүлделі орын алған бұл жеңімпаздар «ҚТЖ» ҰК» АҚ және оның еншілес ұйымдарында еңбекті қорғау және қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау бойынша өтетін корпоративтік олимпиадаға қатысып, бақ сынайтын болады.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты