ҚТЖ-да пойыздар қозғалысының қауіпсіздік көрсеткіші жақсарды

Жаңалықтар
30.09.2024, 09:50
Оқуға 2 мин

Осы жылдың 8 айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ҚТЖ бойынша қозғалыс қауіпсіздігі деңгейінің нысаналы көрсеткіші 11% жақсарып, ереже бұзушылықтар саны 13%-ға азайды.Көбінесе қатерлер жөндеу кәсіпорындарының, жылжымалы құрам жеке иелерінің және басқа тасымалдаушылардың кінәсінен болған, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Пойыз қозғалысы қауіпсіздігіне сыртқы себептер әсер етті. Олардың ішінде қауіптілігі жоғары аймақта бөгде адамдардың болуы, қараусыз жайылған мал, автокөлік құралдары жүргізушілерінің теміржол өткелдерін кесіп өту ережелерін бұзуы. 

Осы жылдың 8 айында ревизорлық аппаратымен технологиялық процестердің сақталуына, жылжымалы құрам мен техникалық құралдардың ұсталуы мен пайдаланылуына 7 мыңнан астам тексеру жүргізілді. 73 мың бұзушылық анықталып, олар жедел жойылды. Жылжымалы құрамды және сенімділігі төмен инфрақұрылым құрылғыларын пайдалануды тоқтату бойынша 10 мыңға жуық тыйым салу шаралары қабылданды.

ҚТЖ-да пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін басқару жүйесін жақсарту үшін Жамбыл және Қарағанды станцияларының шекараларында орналасқан кәсіпорындарды тексерген аудиторлар тобы жұмыс істейді. 

Жылжымалы құрамды жөндеу және сервистік қызмет көрсету бойынша қызметтердің сапасын арттыру үшін ҚТЖ компанияға қызмет көрсететін жөндеу кәсіпорындарында 200-ден астам тексеру жүргізді. Ауқымды аудиттен кейін жекелеген цехтардың жұмысы тоқтатылғанға дейін қатаң шаралар қабылданды. 

Жеке тармақ иелері мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың кірме жолдарындағы қозғалыс қауіпсіздігінің жағдайы әлі де алаңдатады. Жыл басынан бері мұнда 127 вагон мен локомотив рельстен шығып кетті. Жағдайды жақсарту үшін ҚТЖ уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп, жеке тармақ иеленушілермен, ҚР теміржол тармақ иеленушілері қауымдастығы өкілдерімен кездесулер өткізеді, онда кірме жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу мәселесі қаралды. 

ҚТЖ магистральдық желідегі қозғалыс қауіпсіздігі талаптарын қатаңдату үшін теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуын тергеу қағидаларына және теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларына өзгерістер енгізуге бастамашылық жасады. Көлік полициясы департаментімен бірлесіп пойыздар қозғалысын жедел қалпына келтіру бойынша өзара іс-қимыл алгоритмі іске асырылуда.

ҚТЖ-да қозғалыс қауіпсіздігінің жай-күйіне талдау жүргізілді. Талдау нәтижелері қозғалыс қауіпсіздігін және кадрлық әлеуетті басқару жүйесін жетілдіруге, инфрақұрылым құрылғылары мен жылжымалы құрамның сенімділігін арттыруға бағытталған "Пойыздар қозғалысы қауіпсіздігінің жай-күйін жақсарту жөніндегі жүйелі шаралар кешеніне" енгізілген. 

2024 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстанның теміржол әкімшілігі қозғалыс қауіпсіздігінің жай-күйін жақсартқан жетекші ұйымдардың қатарына кірді және ТМД елдері арасында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіші бойынша екінші орында тұр. 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті