Оқушылар темір жол қызметімен танысты

Жаңалықтар
01.10.2024, 10:47
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Өткен аптада «Quantum» мектебінің бір топ оқушысы «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас кеңсесінде қонақта болып, Орталық теміржолшылар музейі мен Пойыздар қозғалысын басқарудың автоматтандырылған орталығын аралады.

Теміржолшылар музейінің менеджері Ақмарал Молдашева жас өрендерді тарихи жәдігерлермен таныстырды. Олар локомотивтердің алуан түрін көріп, жез қоңырауды соғып көріп, «сиқырлы» көне орындыққа отырып, тілек тіледі. Станция бастығының орындығына отырып, өздерін болашақ «станция бастығы» сезінген балалар да болды. Тарихы 1904 жылдан басталатын шойын рельстерді кезек-кезек балғамен соғып, жолшы болып та көрді.

 Теміржолшы әулеттерінің өмір және еңбек жолдарын сипаттаған мәуелі бәйтерек сипатындағы стенд те балаларды қызықтырғаны анық. Бұдан кейін олар екі командаға бөлініп, пазл жинап жарысты. Сосын музей менеджерінің қолынан естелік сыйлық алып, теміржолшы спортшылардың жетістіктерін айшықтаған марапаттар мен алтын түстес кубоктар орнатылған стенд жанында суретке түсті.  

Балаларды қатты қызықтырған 34-қабатқа дейін көтеріліп, қаланың сырт келбетін тамашалауға мүмкіндік беретін шыны жеделсаты болды. Пойыздар қозғалысын басқарудың автоматтандырылған орталығы – АЦУП ғимаратында диспетчерлер жұмысымен танысу да оларға айрықша әсер сыйлады. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-ның Тасымалды ұйымдастыру департаментінің шұғыл-тарату тобының менеджері Наталья Гофман бұл орталықта Қазақстанның барлық өңірінде жүріп жататын жүк және жолаушылар пойыздарының қозғалысы басқарылатынын, пойыздар жылдың төрт мезгілінде, яғни ауа-райының қолайсыз күндері де тоқтамай жүре беретін ең сенімді көлік түрі екенін егжей-тегжейлі айтып берді. Сонымен қатар ол теміржол көлігіне бір мезетте жүзге жуық вагондарды тіркеп, сан түрлі жүктерді тасымалдауға болатынын жеткізді. Балаларға адамдар мен малдың жолға шығып кетуі қозғалыс қауіпсіздігін бұзып, қауіп төндіретінін, сондай-ақ пойызға мінерде перронда және пойыз ішінде де қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұмытпау керектігін ескертті.  

Кездесу соңында балалар диспетчер ағайлармен суретке түсіп, әбден риза болып қоштасты.  

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты