1 қазан – Ақтау теңіз портының құрылған күні

Жаңалықтар
01.10.2024, 15:33
Оқуға 2 мин

Ақтау порты – логистиканың тұрақты дамуы жолында. Өзінің жарты ғасырдан астам тарихында Ақтау теңіз порты көптеген өзгерістерге ұшырап, тұрақты өндірістік көрсеткіштерді сақтай отырып, Қазақстанның көлік саласы қажеттіліктерін лайықты қамтамасыз етті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Порттың техникалық жарақтандырылуы негізгі бағыттар бойынша – Түрікменстан, Әзірбайжан, Ресей және басқа да елдерге жүктердің кең номенклатурасын өңдеуге мүмкіндік береді. Порттың өткізу қабілеті шамамен 12 млн тоннаны құрайды.  

Осы жылдың 8 айында порт арқылы жүктерді ауыстырып тиеу көлемі 3 млн тоннадан асты, ал тамыз айының қорытындысы бойынша бір айда 8 150  50 TEU контейнерін өңдеп, өзінің рекордынан асты.  

Бүгінде Ақтау порты Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамытуда шешуші рөл атқарады. Бағыт жүктерді жеткізу мерзімдері бойынша тиімді көрсеткіштерді көрсетеді, олар 2-3 есе қысқарды. Егер өткен жылы ТХКБ  бойынша транзитпен 11 контейнерлік пойыз тасымалданса, бүгінде бұл көрсеткіш 220 пойызды немесе өсім 20 есені құрайды.

Ақтау портының өткізу қабілетін одан әрі арттыру үшін контейнерлік хаб салу жобасын іске асыру басталды. Жобаны "ҚТЖ "ҰК" АҚ және "Ляньюньган порты" МК" ЖШҚ компаниялар тобы жүзеге асырады, ол ұлттық теміржол тасымалдаушысының ұзақ мерзімді серіктесі, сонымен бірге ТХКБ маршрутының қатысушысы болып табылады.

Сондай-ақ, айлақ түбін тереңдету жұмыстары, № 12 айлақты қайта жаңартумен № 3 айлақты ұзарту, қайта тиеу техникасы паркін жаңарту жүргізіледі.

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті