Білім мен білік сынға түскен жарыс

Жаңалықтар
25.10.2024, 10:34
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да Компания мен оның еншілес ұйымдары арасындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша жыл сайынғы олимпиаданың кезекті жарысы өтті. Оған ел өңірлерінде өткен жарыстарда топ жарған 13 жеңімпаз қатысты.

Қауіпсіздік минутынан басталған олимпиаданы «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Рамазан Садырқұлов құттықтау сөзімен ашып, білім мен біліктілік сынға түскен жарыста қатысушыларға сәттілік тіледі.  

Бас инженер төрағалық еткен әділ қазылар алқасы құрамында «Самұрық-Қазына» қорының еңбекті қорғау және қауіпсіздік секторының бастығы Е.Елекеев, Орталық кәсіподақтар кеңесінің еңбекті қорғау жөніндегі бас техникалық инспекторы Қ.Мұқанов, Өндірістік қауіпсіздік және экология департаментінің директоры Ә.Семенов, Адами ресурстарды басқару департаментінің HR-бизнес серіктесі А.Айсариева болды.  

Олимпиада үш турдан тұрды. Бірінші турда қатысушылар еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құжаттарды білу білімін тексерген тестілеуден өтті. Қатысушыларға 20 сұраққа жауап беруге 30 минут берілді. Екінші тур ситуациялық жағдайлардан жол табу тапсырмасына ұласты. Бұл тапсырманы орындау кезінде қатысушылар командаларға бөлініп, бірлесе жұмыс істеді. Барлығы 4 тапсырма болып, әр тапсырманы орындауға 10 минуттан берілді. Тапсырмалар бейнеролик арқылы экранда көрсетілді. Осы екінші турдың нәтижелері сарапқа салынып жатқан тұста модератор Өндірістік қауіпсіздік және экология департаментінің қызметкері Алтынай Жатқанбаева қатысушыларға ой салар үндеу жолдады.  

«Негізі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау – әрбір жұмыс процесінің ажырамас бөлігі болуы тиіс қағидалар. Өкінішке орай, техника қауіпсіздігін сақтамағаны үшін 2 жұмысшы қайтыс болып, бір жұмысшы бір көзінен айырылды. Сондықтан біз терең білімге ие болып, оны тәжірибеде қолдансақ, адамдардың өмірін сақтап қалу мүмкіндігіміз еселене түседі», – деді ол.  

Үшінші тур блиц-сауалнамадан тұрды. Оның шарты бойынша әр қатысушыға бір сұрақтан қойылып, жауап беруге 3 секунд берілді, егер қатысушы дұрыс жауап берсе, 1 балдан беріліп, ал екі қатысушы дұрыс жауап бермесе, балл сұрақ қойған адамға есептелді.  

Осылайша, екі сағатқа созылған олимпиада мәресіне жетті. Жеңімпаздарды анықтау алдында Өндірістік қауіпсіздік және экология департаментінің директоры Ә.Семенов сөз алып, олимпиада қатысушыларға өз білімдерімен бөлісуге, командалық рухты сезінуге мұрсат бергенін атап өтті. Сондай-ақ ол еңбек қорғау мамандарына жауапты қызметте өздерін жетілдіріп, дамыта беруге кеңес етті.  

Сонымен олимпиада турларының қорытындысы бойынша 1-турда Қостанай НЖС-нің жетекші инженері Ләззат Қабдуғалиева, 2-турда Ақтоғай жол дистанциясының жетекші инженері Берік Нұрмұхаметов, 3-турда «Оңтүстік» аймақтық филиалының сектор бастығы Айдын Зиеденов «Көшбасшылық» номинациясы бойынша топ жарды. «Шешендік өнер» аталымында «ӘТЖК» АҚ Алматы филиалының маманы Болат Мыңбаев, «Олимпиаданың ең белсенді қатысушысы» номинациясында «KTZ Express» АҚ – «KTZE Батыс» филиалының бас маманы Әсет Ақназаров, «Ең жылдам жауап қайтарғаны үшін» аталымында Арыс вагон пайдалану депосының сектор бастығы Әмір Жұмағали, «Денсаулықты қорғау және еңбекті қорғау саласында ең креативті маман» номинациясында «КДТС» АҚ Павлодар филиалының инженері Әлия Оспанова, «Жеңіске деген ерік-жігері үшін» аталымында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Жаңаесіл локомотив пайдалану депосының сектор бастығы Карина Мұхтарова, «Биіктікті алуға тырысқаны үшін» номинациясында «Қазтеміртранс» АҚ Қызылорда филиалының 1-санатты инженер технологы Бауыржан Нұғманов және «Олимпиаданың ең жас қатысушысы» аталымы бойынша Алматы НЖС сектор бастығы Несіпкүл Аханова жеңімпаз деп танылып, барлығына «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының «Құрмет» грамотасы табысталды және 8 АЕК мөлшерінде ақшалай сыйақы берілетін болды.  

Ал Денсаулық және қауіпсіздік бойынша корпоративтік олимпиадада 3-орын алған Ақтау портының еңбек қорғау және өндірістік қауіпсіздік қызметінің 1-санатты маманы Жанар Қуанышева «Үздік маман», 2-орын алған Құрық портының бөлім бастығы Аңсар Сансызбай «Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен, ал 1-орынды қанжығасына байлаған Алматы ЖТ бөлімшесі – Алтынкөл айналым депосының 1-санаттағы инженер-технологы Гүлзат Байниязова «Үздік маманмен» қатар «Адал еңбегі үшін» төсбелгілерінің иегері атанды. Олимпиада жеңімпазына санаторийге демалуға тегін жолдама берді. Сондай-ақ олимпиадада топ жарған үш орын иегеріне де 40 АЕК мөлшерінде сыйақы берілетін болды.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты